Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:38
«ДЕНСАУЛЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Елбасының жыл сайынғы Жолдауларындағы басты  басымдықтардың бірі қазақстандықтардың денсаулығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жуырда амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық аурухананың ұйымдастыруымен, құрамында білікті сала мамандары, кардиолог Айман Аққасынова,  окулист Зағипа Көпбергенова, УЗИ маманы Бибіхан Болсынаева, эндрикинолог Зағипа Ибраева, терапевт Айдос Жаналиев, ЭКГ маманы Изат Смағұлов, рентген және маммография, сонымен бірге  қан тексеру мамандары Мария Әбілова мен Айбол Іскендіров, Назгүл Жарылқасыновалар бар  және барлық заманауи үлгідегі медициналық құралдармен жабдықталған тіс және көз, қан тексеру кабинеттері бар, сонымен бірге рентген және маммография құрылғылары бар  жылжымалы «Денсаулық керуені» аудандағы барлық елде мекендер тұрғындарына медициналық көмек көрсету мақсатында жолға шықты.
«Денсаулық керуені» Төретам кентінде болып, өңір  тұрғындарына қабылдау өткізді. Осы ретте, денсаулық керуенін, яғни сала мамандарын бастап барған         амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық аурухана бас дәрігерінің  пациенттерді қолдау және ішкі аудит жөніндегі орынбасары Маржан Жалғасбаевадан аталмыш шараның мақсаты жайлы айтып беруін сұрағанымызда ол:-Біздің басты мақсатымыз аудан  тұрғындарына  медициналық қызмет көрсету және аурудың алдын алу, кеңестер беру, сондай-ақ тұрғындар арасында  алдағы уақытта жүзеге асырылуға мақсатталған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды кеңінен насихаттау болып табылады. Міне, біз бүгін төретамдықтарға өзіміздің қызметімізді көрсетуге келіп жатқан жайымыз бар. Халық көп жиналыпты. Әрбір дәрігер өздерінің міндеттерін  сапалы атқаруда. Төретам кентінде екі күн боламыз, одан әрі ауданның басқа да елді мекендерінде  тұрғындарға осындай қызмет көрсетуге аттанамыз.  Кент тұрғыны Ақбай Нұрлыбаев:- Соңғы кездері менің қан қысымым  210-ға көтеріліп кетіп жүр. Оған қоса жүрек те сыр беруде. Бүгін аудан орталығынан мамандар келеді дегенді естіп келіп, дәрігер кеңесін алып отырмын. Рахмет.  Аудан орталығына барып, тексерілу үшін біраз уақыт керек. Оған қолымыз да тие бермейді.  Ал, мамандар бүгін бізге өздері келді. Менің осындай игі істерді ұйымдастырып отырған сала мамандарына алғысым шексіз. Кент тұрғыны Гүлмира Науқанбаева:- Медициналық терминмен айтқанда менің қалқанша безім ауырады. Дәрігерге тексеріліуге келіп отырмын.  Маман мені жылы қабылдап, өзінің кеңесін беріп жатыр. Алла разы болсын. Осындай игі шаралар кентімізде  көптеп болып тұрса деген тілегім бар.   Рахмет. Міне, дәрігерлерге тексерілуге келген төретамдықтар өздерінің ризашылықтарын білдіріп жатса,  өз кезегінде  алғысқа бөленген аялы алақан иелері қызметтерін келесі елді мекендерде жалғастыруға аттанып бара жатты.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.

http://qarmaqshy-tany.kz/densauly-kerueni-zhol-a-shy-ty/

Просмотров: 1051 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]