Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



19:27
ДӘРІГЕРЛЕР НАУҚАСТЫҢ ҚОЛЫНА ӨСКЕН ҚҰЛАҚТЫ БАСЫНА АУЫСТЫРУ ОТАСЫН ЖАСАДЫ

Қытайдың Сиань қаласында хирургтер науқастың қолына өскен құлақты басына ауыстыру отасын жасады, деп хабарлайды Baq.kz.
Дереккөзінің мәліметінше, Цзи бір жыл бұрын жол апатына ұшыраған. Сол кезде оның құлағына зақым келген. Сиане Xi’an Jiaotong University жанындағы аурухана дәрігерлері оның білегіне жаңа құлақ өсірген. Ақ халаттылар ол үшін қабырғасының шеміршегін және 3D-принтер пайдаланған.
Ота жасау жеті сағатқа созылыпты. Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты. Құлақ толықтай қалпына келіп, жұмыс істеуі үшін екі апта уақыт қажет екен.

http://aqmeshit-aptalygy.kz/d-rigerler-nau-asty-olyna-sken-la-ty-basyna-auystyru-otasyn-zhasady/

Просмотров: 732 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]