Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:23
БҰЛ - ӨТЕ МАҢЫЗДЫ ШАРА оны әрбір тұрғын орындауы міндетті!

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Әбдусамитов БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізіп, Қазақстанда 5 сәуірден бастап «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» атты емханаларға тіркелу науқаны басталғанын жеткізді. Сондықтан да облыстың әрбір тұрғыны өзінің тіркелген емханасына барып, қайтадан тіркеуден өтуі тиіс. Ол жерде бар болғаны екі құжат қана қажет. Біріншісі жеке басын куәландыратын құжаты, екіншісі емхананың бас дәрігеріне тіркеуге алу туралы жазған өтініші. Осы екі құжат арқылы емханаға қайта тіркелетін болады.

Тіркелу барысындағы екінші маңызды мәселе, ол – міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзінің мәртебесін анықтап алу. Оның маңыздылығы ертеңгі күні сақтандыру жүйесі енгізілгенде әрбір азамат кепілдендірілген медициналық көмекке қолжетімді болуға тиіс. Ол үшін әрбір азамат осы жүйеге қатысты болуы қажет. Оған қатысты болуы әрбір азаматтың осы жүйедегі мәртебесіне байланысты. Бұған дейін хабарланғандай, жарнасын мемлекет төлейтін, өздері төлейтін және жұмыс орны төлейтін санаттар бар. Төленетін жанралардың мөлшері де қай санатқа жататына байланысты.

Сонымен биыл 1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Сол кезден бастап төлемдердің мерзімінде төленіп тұруы жүйенің толыққанды сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз етпек. Сондықтан да бұл ақпарат аймақтың әрбір отбасына, әрбір тұрғынға жетуі қажет. Оны жеткізу тек қана биліктің, медицина саласы қызметкерлерінің немесе ақпарат құралдарының ғана міндеті емес, бұған барша халық атсалысуы қажет.

Ы.ТӘЖІҰЛЫ

http://syrboyi.kz/negizginews/10634-bl-te-mayzdy-shara-ony-rbr-tryn-oryndauy-mndett.html

Просмотров: 759 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]