Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:33
АЗАМАТТАРДЫҢ ӨЗІ ҚАЛАҒАН ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛУІНЕ МҮМКІНДІГІ БАР

Елімізде, кеше 5 сәуірден бастап «Емханаға тіркел де, МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта» атты жаңа науқан басталды. Аталмыш шарасы барысында азаматтардың өзі қалаған емханаға тіркелуіне мүмкіндігі бар.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
Тұрғындардың қандай да бір медициналық көмек алуы емхана желісі арқылы жүргізілетіні белгілі. Сол себепті олардың жергілікті жердегі өзі қалаған емханаға тіркелуіне мүмкіндік туып отыр. Азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына тіркеу тұрақты мекен-жайы немесе уақытша орналасқан жері, жұмыс, оқу орны бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ, дәрігерді таңдау еркіне де ие болады. Осы орайда олар өзі қалаған емхананың бас дәрігеріне өтініш жазуы тиіс. Тіркеу өтініш берілген күні жүзеге асады. Ол үшін жеке басты куәландыратын төлқұжат талап етіледі.
Сонымен қатар, ғаламтор пайдаланушылар үшін «Электронды үкімет» (egov.kz) порталы арқылы тіркелуге де жағдай қарастырылған. Бұл ретте жауапты қызметкер электронды түрде тіркеу талонын рәсімдейді. Ал, онда тіркелгендігін egov порталындағы «Емхананы таңда» бөлімінен көре алады. Тіркеу жүргізу үш ай уақыт аралығын құрайды.

http://aqmeshit-aptalygy.kz/azamattardy-zi-ala-an-emhana-a-tirkeluine-m-mkindigi-bar/

Просмотров: 948 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]