Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



09:16
Қазақстанда тұратын шетелдіктер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың көмегіне жүгіне алады

Қазақстанда тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың көмегіне жүгіне алады. Бұл туралы Мәжілісте Денсаулық сақтау министрі мәлімеді. Елжан Біртанов көптен талқыға түскен заң жобасының түзету енгізілетін кодекстерін депутаттарға таныстырды. Мемлекеттік көмектің қолжетіміділігін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру қорына мемлекет жарна төлейтін азаматтар ауқымы кеңейеді. Тізімге мүгедек балалардың күтушілері жұмыссыз оралмандар мен шетелдіктер кіреді. Сонымен қатар жаңа заң жобасы бойынша әскерилерге құқық қорғау органдары мен әскери-медициналық мекемелерде мемлекет есебінен көмек көрсету қарасытырылған. Министрдің айтуынша, әлемдегі экономикалық аумалы-төкпелі ахуалдың тұрақсыздығын ескере отырып, жұмыс берушілер мен кәсіпкерлердің жарна үлесі кемітіледі.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Бұл заң жобасы бүкіл қажетті сыртқы құқықтық сараптамадан өтті. Жалпы басқа да ғылыми және зертеу институттарымен қаралды. ҰКП, қоғамдық кеңестен бәрінен өтті.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/167805-aly-sa-tandyrudy-k-megine-zh-gine-alady

 

Просмотров: 945 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]