Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:45
АС СОДАСЫНЫҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?

Асқазаныңыз қыжылдай ма? Көк­жөтел мазаңызды ала ма? Онда сізге ас содасын пайдалануға кеңес береміз. Оның үстіне, бағасы да арзан, қалтаңызға салмақ түсірмейді. Ендеше бүгін сіздер үшін, ғылыми тілде айтсақ, қос көмір қышқыл натрий – NaHCO3 немесе натрий бикарбонатынан тұра­тын ақ түсті, кристалды ұнтақтың адам­затқа, әсіресе, денсаулыққа қан­дай пайдасы барын тарқатып жазамыз.

Ежелде мысырлықтар ас содасын ерекше қастерлеген екен. Оны тазалық пен пәктіктің символы деп білген. «Натрий» сөзі көне Мысыр жазбасынан алынған. Яғни, натран деп олар соданы атаған көрінеді. Ал Мысыр абыздары оны барлық дертке төтеп беретін дәрі-дәрмектер ретінде қолданған. Мысалға, бала көтере алмай жүрген әйелдерге сода қосқан ванна қабылдауға кеңес берген. Қазір де осы әдісті халық медицинасы жүзеге асырып келеді. Таңқаларлығы, ерекше тәсіл шынымен нәресте сүю бақытын сыйлайтын көрінеді. Бұған қоса, оның тағы бір жанама әсері бар. Мамандар жүктілік сода қосылған ерітіндіні қолданғаннан кейін пайда болса, көп жағдайда ұл бала дүниеге келеді деген тұжырым айтуда.

Ақ ұнтақтың мың түрлі ауруға шипа екендігін ортағасырлық дәрігер Ибн Сина да жазған. Өзінің дәрігерлік ғылыми қағидаларында улы жәндіктер шаққан және жануарлар тісі батқан жерге дымқылданған табиғи соданы жағу керектігін айтқан. Сондай-ақ, күйген тұсқа соданы ылғалдатып жақса, күлдірлеу болмайды және тыртық қалмайды екен.

Бүгінде натрий бикарбонат ем-дом ретінде жөтелді жеңілдетуге әрі қақырық түсіруге көмек­теседі. Тамақ ауырғанда бір шәй қасық соданы бір стақан суға аралас­тырып, ауыз қуысын шайса, бактерияны өлтіріп, суық тию дертін басатын қасиеті бар.

Жүрек қатты соққанда кішкене сода аралас­тырылған сұйық ерітінді жүрек соғуын басады.

Гипертония кезінде ағзадан суды шығарып, қан қысымын төмендетеді-мыс. Тамақтан уланып іш өткенде, құсқан кезде жоғалтқан ағзадағы судың мөлшерін толтыру үшін сода-тұз сұйық ерітіндісін береді. Яғни, жарты шәй қасық ас содасын және бір шәй қасық тұзды бір литр қайнаған жылы суға аралас­тырып, әр бес минут сайын бір ас қасықтан науқасқа ішкізіп тұру керек.

Жәндік шағып алғаннан кейін пайда болған бөртпе мен қышуды басу үшін сода салынған сұйық ерітіндімен сүртуге болады және ішектерді тазарту мақсатында клизма да жасалады.

Суықтағанда бір литр қайнаған суға бір ас қасық соданы аралас­тырып, буына ингаляция жасауға болады.

Конъюнктивитте кішкене сода қосыл­ған сұйық­тықпен көзді сүрт­кеннің зияны жоқ.

Аяқтың қышыма қотыры ауруы ке­зінде кішкене суға бір ас қасық сода қосылған сұйықтықпен башпай арасын сүртіп, артынша таза сумен шайған өте пайдалы.

Қызыл иек қабынғанда, тісті ағартып тазалауда қолжетімді өнім болып сана­лады.

Өкше терілерінің қабыршақ­тануын жібіту үшін ұйықтар алдында 30 минут 2 литр ыстық суға бір шәй қасық сода, үккіштен өткізілген 1 ас қасық кір сабын қосылған сұйықтыққа аяғын салып булау қажет. Соңында майлы крем жағу керек.

Асқазанның қыжылы кезінде асқазандағы тұз қышқылын басады.

Алайда, ас содасын пайда­ланғанда оның әкелер пайдасымен қатар зияны да бар екенін ұмытпаған жөн. Ұнтақ түріндегі содада сұйық түріне қарағанда сілтілік қасиеті көп. Ұзақ уақыт терімен байланыста болса, тері тітіркенуі мүмкін. Егер көзге түскен болса, бірден мұқият жуыңыз.

Бұдан шығатын қорытынды, ас со­дасының қасие­тін асыра сілтемей, нені пайдалансақ та, жоғарыда келтіргені­міздей, оны қалай, қайтіп және қанша­лықты қолдануға болатынын әбден біліп, маманның кеңесіне тікелей көңіл бөлген абзал.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА.

http://qazaly.kz/as-sodasyny-andaj-pajdasy-bar/

Просмотров: 2120 | Добавил: психолог | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]