Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



21:08
АРПА – ДЕРТКЕ ШИПА

Не айтса да қалт айтпайтын дана қазақ «Арпа бидай ас екен, алтын, күміс тас екен» деп бекер айтпаған. Арпа ең көп таралған дәнді дақылдар қатарына жатады. Ол күй талғамайды. Ғалымдар арпаны «жастықтың дақылы» деп де атайды.

Түркі, парсы халықтары Наурыз күні жасалатын көжеге міндетті түрде арпа дәнін қосқан. «Жыл басында арпа суына тойған адам келесі жылға дейін ауырмайды, қуатты болады» – деп сенген. Ал, орыс жұртында арпа ботқасы – патша үстеліне қойылатын тағам саналған. Жалпы арпа наны өте дәмді әрі көптеген ауруларға шипа. Мысалы, Омар Һаямның «Наурызнама» атты еңбегінде: «Ай тұтылған кезде жерге арпа себілетін болса, кейін одан пісірілген нан есі ауысқандарға шипа болады» делінген. Қазіргі таңда аллергиялық дертке шалдыққандар саны артып тұр. Ал оның бірден бір емі арпа екенін дәрігерлер айтып отыр. Арпаны күнделікті тағам ретінде жиі қолданып отырса, аллергиялық дерттен тез айығады екен. Арпа дәні витаминдер мен микроэлементтерге бай. Арпаның құрамында В тобы витаминдері (бұл витаминдер жүйке жүйесінің жұмысына, шаш пен терінің әсемдігіне игі әсерін тигізеді), сонымен бірге А (көздің көру қабілетінің және ағзаның қорғаныс қабілетінің әлсіремеуі үшін қажет); Д (сүйектер мен тістің мықтылығы осы витаминге тәуелді); Е (әсіресе, жасөспірім балалар ағзасы үшін бұл витаминнің маңызы зор) витаминдері бар.

Бәрінен де бұрын арпа дәрілікке де, емдікке де жарайды. Әдетте даналар мен дәруіштер арпамен күн көреді. Білетіндердің айтуына қарағанда, оны жегенде қан ешқашан бұзылмайды және денеден арам қан алудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, ол қан және запыран ауруларының алдын алады. Ол – күйік, безгек, жөтел, өкпе, сүйек, буын секілді жұқпалы ауруларға, сондай-ақ, бас, көкірек, мықын, бауыр мен асқазан, сүйек сынығы, күйік, буын сырқырауы сияқты ауруларға өте пайдалы. Міне, жоғарыдағы деректерді келтіре отырып арпаның осындай қасиеті мен ерекшелігін оқырман қауымға ұсынуды жөн санадық. Алдағы уақытта кәделеріңізге жарар деген ойдамыз.

Айнұр НАЗАРОВА.

http://osken-onir.kz/arpa-dertke-shipa/

Просмотров: 1033 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]