Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



12:07
Арал ауданында «жасанды бүйрек» орталығы ашылды

Қызылорда облысы Арал ауданында «жасанды бүйрек» гемодиализ бөлімі жұмысын бастады. Мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында ашылған орталықта тіркеуде тұрған 12 науқас қазір ем-дом қабылдап жатыр. Серік Тәмпешов 20 жылдан бері қант диабетіне шалдыққан. Бір жарым жылдың жүзі болды «жасанды бүйрекке» байлаулы. Бұған дейін аптасына 3 рет міндетті түрде ем алуы тиіс науқастар арғысы Ақтөбе, Қызылорда бергісі көршілес Қазалы ауданына қатынайтын. Енді міне гемодиализ жасау орталығы Аралдан ашылып отыр.

Серік Тәмпешов, Арал ауданының тұрғыны:

  • Осы ауылдан ашылса екен деп тағатсыздана күттік қой. Үйден кіріп, үйден шыққанға не жетсін, бала-шағаның қасында. 10-15 минутта үйге жетіп барамыз, демаламыз, шаршамаймыз. Бұрын қан қысымы көтеріліп, қай жерде құлап қаламыз деп жүретін едік. Қазір ондай жоқ, бәрі жақсы, тамақ береді. 80 мыңдай тұрғыны бар Арал ауданында сондай-ақ облыстық наркология орталығының филиалы ашылды. Мекемеге 20 медицина қызметкері жұмысқа қабылданды.

Жаңа аурухана бой көтереді Жалпы аудан бойынша емдеу нысандарына 43 млн теңгенің құрал-жабдықтары алынды. Аралдықтар үшін тағы жағымды жаңалық ауданда жаңа аурухана құрылысы басталады.

Жанат Қожарипова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Бірнеше күннен соң жаңа аурухана іргетасы қаланады. Жалпы құны 4,5 млрд теңгені құрайды. Биыл құрылысты бастауға 1 млрд теңгесі бөлініп қойылды. Бұл – аралдықтардың денсаулығын жақсартуға жасалған үлкен қадам. 150 төсек-орындық медициналық нысан келер жылы пайдалануға беріледі. Осылайша экологиялық апат шеңгеліне түскен аймақ тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетілетін болады.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев, Руслан Айтмамбетов

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/167135-aral-audanynda-zhasandy-b-jrek-ortaly-y-ashyldy

 

Просмотров: 855 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]