Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



10:48
АРАЛ АУДАНЫНДА ЖАҢА ЕКІ ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ (Фото)


1 наурызда ауданға қарасты Аманөткел және Қаратерең ауылдық округі жұртшылығы үшін үлкен мереке, қуанышты күн. Өйткені, дәл бүгін тұрғындардың көптен күткен тілегі орындалып, екі бірдей жаңа амбулаториялық пункттің лентасы қиылып, есігін айқара ашты.
Жаңа нысанның ашылу салатанатында сөз алған аудан әкімі М.Оразбаев жергілікті тұрғындарды құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.
Жағымды жаңалыққа ортақтаса келген Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова да өзінің құттықтауын жеткізіп, енді басы аурып, балтыры сыздаған тұрғындар аудан орталығына жүгінуден арылып, осы жаңа нысанда алғашқы медициналық қызметтермен қамтамасыз етілетіндігін атап өтті.
Айта кетейік, әр денсаулық нысанына 104 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған ғимарттар заман талабына сай жабдықталған. Дәрігерлік амбулаторияларда 10 төсек орынға арналған күндізгі емдеу бөлімі ашылған, әрі білікті медицина қызметкерлері жаңа қондырғылармен жұмыс жасауда.


Сая Ералиева

https://www.facebook.com/

Просмотров: 621 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]