Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



06:28
Қарағандыда жүкті әйелдер жедел жәрдемді SOS түймесі бар қосымша арқылы шақыра алады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда барлық жүкті әйелдердің смартфонына жедел жәрдемді шұғыл шақыратын дабыл түймесін орнатады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев хабарлағандай, бұл жоба «SOS функциясымен босанғанға дейін қашықтан патронаж» деп аталады. Бұл денсаулық сақтау саласына озық технологияны енгізу, өлім-жітімді азайту туралы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында іске асырылуда. «SOS» түймесі бар тегін софт жүкті әйедің смартфонына немесе планшетке орнатылады. «Жүкті әйелдің телефонына тиісті ақпарат түсетін мобильді қосымша орнатады. Бұл дұрыс тамақтану, жүктеме, медициналық бақылау кестесі және т.б. қамтиды. SOS функциясымен түймені басқан кезде дабыл бірден жедел жәрдем стансасына түседі», - деді Нұрдыбаев.


Дереккөз: http://www.inform.kz/kz/karagandyda-zhukti-ayelder-zhedel-zhardemdi-sos-tuymesi-bar-kosymsha-arkyly-shakyra-alady_a3003690

Просмотров: 842 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]