Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



19:28
ҚАН ҚЫСЫМЫ КӨТЕРІЛГЕНДЕ ПАЙДАЛЫ 10 ТАҒАМ

1. Майсыздандырылған ірімшік тамырлардың созылуына әсерін тигізіп, жүректі жақсартады және кальций, магний, калийдің көзі болып табылады. Сондықтан күніне 100 грамнан кем емес ірімшікті жеу қажет.
2.
Қызыл болгар бұрышы С дәруменінің аса көп мөлшерін өзінің құрамында сақтайды. Гипертония ( қан қысымының артуы) ауруына шалдыққандарға бұл тағамды міндетті түрде пайдаланған жөн. Егер күніне 2 дана қызыл бұрыш жейтін болсаңыз, организмдегі С дәруменінің орнын толтырады.
3.
Албырт (лосось) – май қышқылының көзі және қан қысымын түсірудің тамаша әдісі. Оны аптасына 3 рет 100-150 грамнан қолданған жөн.
4.
Сұлы жармасының ботқасы гипертониямен ауыратын адамдардың таңғы ас мәзірінде міндетті түрде болуы қажет. Зерттеулер нәтижесі бойынша, сұлы- ағзадағы селеннің орнын толтырушы.
5.
Асқабақ шемішкесі ағзадағы цинктің азаюынан сақтайды және инфарктан құтқарады. Күніне 20 грамнан жеген жеткілікті.
6.
Какао қан тамырларының жағдайын жақсартады. Дегенмен, ол өте құнарлы(калориялы) сусын. Аптасына 1-2 шыныаяқ ішуге болады.
7.
Майсыздандырылған сүт құрамында калий, кальций, магний және басқа да дәрумендер бар, гипертониямен ауыратындардың жағдайын жақсартады. Күніне 3 стақанға шейін ішуге болады.
8.
Ащы шоколад жүрек бұлшық етін бекітеді, антиоксидантты құрамында сақтайды және 5-10 мм-ге қан қысымын түсіруге қабілеті бар. Дей тұрғанмен, оны көп мөлшерде жеудің қажеті жоқ.
9.
Миндальдың құрамында мономайлар бар болғандықтан, холестериннің деңгейін төмендетеді. Бұл жаңғақта қан қысымының түсуін қамтамасыз ететін Е дәрумені,калий,магний элементтері бар.
10.
Көк шай үнемі ішіп отыруды қажет етеді, осылайша холестериндік тығынды ерітеді, құрамында көп антиоксидант бар, организмнің тозу үдерісіне жол бермейді. Әлемде көк шайды көп ішетін Жапонияда халықтың барлығы дерлік гипертония ауруымен ауырмайды.

Дерек көзі: anabol.kz

http://aqmeshit-aptalygy.kz/an-ysymy-k-terilgende-pajdaly-10-ta-am/

Просмотров: 1082 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]