Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Қазан » 10 » ҚАН ТАЗАЛЫҒЫ
14:27
ҚАН ТАЗАЛЫҒЫ

Қаны таза халыққа дауыл әкелді ме, жауын әкелді ме даун жабысты. Жел әкелді ме, жер әкелді ме Жубердің синдромы пайда болды. Оған Кэнэвен ауруын, Тёонердің синдромын қосыңыз. Қазаққа атын атап көрмеген бәлелердің бәрі жабысты. «Ауруастан» деп, тамақтан ұшынбаса, күндіз-түні жорт¬қаннан жел-құз жабыспаса, басқа дерттен аман едік. Көз тиді мен тымау тидіні ең қауіпті ауру деп білген қазақ сол қауіпіне зар болып қалғандай.
Бұрынғы қазақ киіз үйдің ішінде қыстың күні киіз жамылып, ешқандай дерттен қырылмап еді. Әуелі қымыз ішті, қан тазалығына мән берді. Әйтеуір кең байтақ далада сайранды өмір сүрді. Ал бұл уақытта тұтас Еуропа арғысы Африка жағалауы обадан қырылғанда, тұтас қалалар түрлі індеттен қаңырап бос қалғанда қазақ кең даласында домбырасын шертіп, дені сау жүрді. Өйткені қазақтың қалқаны қан тазалығы еді.
Қан тазалығын сақтауды мақсат тұтқан халқымыз жесірін қанғытпай, жетімін жылатпады. Тектілікке мән беріп, ру сұрасып, жеті атадан аспаса шаңырақ көтертпеді. Осының бəрі қанның тазалығы үшін, ұрпағының ақыл-есі дұрыс, дені сау болуы дүниеге келуі үшін жасалған дүние. Ал Тәуке ханның «Жеті жарғысында» да бұл бұзылмайтын ереже болып белгіленген. Бірақ ағайындылар арасында ғашық болу жайттары кездескен. Соның бірі – атақты Қалқаман мен Мамырдың оқиғасы. Тіпті бұл оқиға туралы Шәкәрім Құдайбердіұлы дастан жазады. Шығарма желісі өмір заңдылығына қарсы шыққан қос ғашықтың өлімімен аяқталады. Оның қайғылы жағдаймен аяқталуының да өзіндік сыры бар. Яғни жастарды бір рудан қыз алуға тыйым салып, арты жақсылыққа апармайтынын ұғындырған. Ал бүкіл ғұмырын қазақтың этнологиясына арнаған белгілі ғалым А.Сейдімбектің пікіріне назар аударсақ: «Жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрінің қылдай ауытқымауын әрі қырағылықпен, әрі қаталдықпен қадағалап отырған. Еңлік пен Кебектің, Қалқаман мен Мамырдың аралары төрт-бес ата болғанына қарамастан, олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі елдіктің шырқын бұзатын ауыр қылмысқа баланып, қатал жазаға ұшырайтыны да содан» — дейді зерттеуші ғалым Қазақтың ауызша тарихы кітабында. Бұдан бөлек, 1917 жылы тақтан құлаған Ресей патшасы ІІ Николайдың баласы «гемофилия» яғни қан тоқтамайтын сырқатпен ауырған. Тарихшылар баланың мұндай ауруға душар болу себебін, ақсүйектер әулеті Романовтардың өзара қыз алыса беруімен байланыстырады.
Қан тазалығын зерттеуде табандылық танытқан Оңтүстік Корея ғалымдары дүниежүзі халқының қанының құрамын тексеріп, ең таза қан қазақтың қаны екенін дәлелдепті. Зерттеу барысында қазақтың қырық үш руының қанын тексергенде, әлгі қырық үш рудың қаны бір әкенің қанындай болып шыққан. Бұл – жеті атаның қасиетін тереңнен таразылайтын болсақ, гендік ерекшелік адамда – 100 пайыз болса, оның баласында – 50 пайыз қаны сақталады, немересінде – 25 пайыз, шөбересінде – 12,5 пайыз, шөпшегінде – 6,25 пайыз, неменесінде – 3,125, жүрекжатында – 1,5625 пайыз, туажатында – 0,78125 пайыз атасының гені болады екен.
АҚШ елдерінде белсіздік пен баланың шетінеуі сынды құбылыстар күннен-күнге көбеюде. Бұлай жалғасы берсе, демографиялық ауытқу болады деп дабыл қақты. Шешу жолдарын да қарастырды. Мәселен үш атадан асып қана неке құруға кеңес берді. Өйткені белсіз еркектер өздерінің қай ұлтқа жататынын білмегенінен осындай оқиғалар жиілеп кеткен. Сондай-ақ зерттеушілер биология ғылымындағы жылқы мен есектің буданынан қашырдың дүниеге келетінін, қашырдан кейін еш ұрпақ болмайтынын еске салады. Біз сөзбен айтқанда «Жабыдан тұлпар шықпайды, тексізден текті тумайды» деген осыдан шығады.
Түптеп келгенде, жетінші ұрпаққа дейін қыз берісіп, қыз алысуға үзілді-кесілді тыйым салған қазақ тұқымның бұзылып, уынан, текті қасиеттердің жойылуының алдын алды. Ғалым Т.Жұртбай: «Бекзадалықтың, мырзалықтың, шексіз өктемдіктің, бақ-дәулеттің ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, өздерін ерекше жаратылған тұқым есебінде марапаттайтын «қаракөктің» баламасы өзге ұлтта да ұшырасады. Шыңғысханның ата-бабасының нұрдан жаралуы, Еуропадағы асыл тектілердің «голубая кровь» деп аталуы соған саяды» – деген болатын.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйенсек ұлтымыздың сау болуы қан тазалығында жатыр. Асылында қазақ – мұндай заңдылықты сақтап жүрген жер бетіндегі жалғыз халық. Соның арқасында түрлі дерттің өршуіне тоқтау салып келеді. Бұл Дала заңының өзіндік тарихы бар. XV ғасырда қазақ хандығын Керей мен Жәнібек хан құрып, биледі. Осы тұста Жәнібек ханның кеңесшісі Жиренше шешен қатты ауырып, науқастанып қалады. Жақын жердегі белгілі емші, бақсыларды шақыртып қаратса да, еш ем қонбапты. Соңында атақты Өтебойдақ деген емшінің барын біліп, шақырады. Сол емшінің емінен кейін Жиренше шешен дертінен құлан таза айығыпты. Жәнібек хан емшіге риза болып, бірнеше сұрақ қойған. «Қандай ауруды емдеу қиын», — деген сұраққа «тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиынның қиыны», — деген. «Ал оның алдын алуға бола ма», — деген сауалына Өтебойдақ емші: «жеті атаға дейін қыз алыспау қажет» деп жауап береді. Шипагердің айтқанын Жәнібек хан жадына тоқып, халыққа жеті атаға дейін үйленуге тыйым салып, кімде-кім бұл заңды бұзса өлім жазасына кесіледі деп жарлық шығарған. Сол заманнан бері санамызда осы заңдылық сақталып, ата-бабамыз бүгінге дейін бір рудан қыз алыспаған. Кейде «руы басқа ғой, бір емшек ембесе болды» деп ағалы-қарындастың ұл-қызын үйлендіретіндер де кездеседі. Дегенмен мұндай некеден туылған баланың туа біткен тұқым қуалайтын аурумен ауыратынын жиі естиміз.
Генетика ғылымына жүгінсек, жас сәбилердің кембағал, кеміс, туабітті аурушаң болып дүниеге келуінің басты себептерінің бірі – осы туыстық некенің әсерінен. Демек біз осы мәселенің алдын алу үшін отбасын құратын жастарға қан тобын тексеруді заңдастыру қажет. Өйткені дамыған мемлекетте осы әдіс қолданылады. Генетика заңдылығы бойынша бір атадан тараған ұрпақтың некелесуі қай жағынан алып қарағанда да дұрыс емес. Өйткені ондай адамдардың генінде ұқсастық басым болады. Үйленіп үй болар алдында сезімнің жетегінде кетпей болашақ ұрпақтың қамын ойлау керек дейді генетиктер. Жеті атаға дейін қыз алыспау халқымыздың саламатты келешегі екенін естен шығармаған жөн. Бағзы заманнан бері санамызға тоқылып, қанымызға сіңген қан тазалығы мен тектіліктің асылдығына кепіл берері сөзсіз. Оны бүгінгі ғылым да зерттеп, тайға таңба басқандай жария етуде.
 

Айгүл ҚАРЖАУБАЙҚЫЗЫ

http://aqmeshit-zhastary.kz/kamshy/an-tazaly-y/

Просмотров: 17 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.