Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:04
Алматы облысында айы-күні жақындаған әйелдің нәрестесі ішінде шетінеп кеткен

Алматы облысында айы-күні жақындаған әйелдің нәрестесі ішінде шетінеп кеткен. Қазір Әлімбековтар отбасы бар кінә дәрігерлердің салғырттығынан, - деп отыр. Айтуларынша, Сарыөзектен Талдықорғанға толғатып жеткен жүкті әйелге дұрыс қарамаған.

 

Әлімбековтар отбасының облыстық перинаталды орталықтың табалдырығын тоздырып жүргендеріне бүгін бесінші күн. Сүйінші естиміз деп мекеме маңын жағалап жүргенде күтпеген жерден суыт хабар жеткенін айтады. Бейсенбі күні босану үшін аталған перзентханаға жеткізілген келіндерінің сәбиі өткен тәулікте іште шетінеп кетіпті.

 

ЛИЛИЯ ӘЛІМБЕКОВА, Ләззат Меңілбаеваның туысы:

- Экстренныймен, отрицательный қанмен түсіп отырғаннан кейін жесткий контрольда ұстау керек еді. Сағат 11 - де өлді деп айтқан баланы, кешкі сағат 7 - де только кесервоға алып кетті. Бала сонда 6 сағат өлген күйінде ананың ішінде жатты.

 

Туыстары жедел түрде жеткізілген Ләззатқа қажетті бақылау болмағанын айтады. Тіпті мұндағылар, үш баланың анасы атанған Ләззаттың толғағым қысып тұр деген сөзіне дүрсе қоя берген көрінеді. Ал дәрігер Ләззат жедел түрде емес, жоспарлы кесір тілігіне жеткізілгенін және толғақтың болмағандығын айтып отыр.

 

ҚАЙРАТ ЖҰМАШЕВ, Алматы облыстық перинаталдық орталықтың директоры:

- Ләззат Меңілбаева 22 күні түсті. Диагнозбен 36 апта, жатыр тыртығы, көп түседі сондай диагнозбен босандыруға жіберген. 23 күні план бойынша жатыр тыртығы үшін жоспарлы кесір тілігі жасалуы керек болған.

 

Бірақ жүкті әйел сәл тұмауратқандықтан ота дүйсенбіге шегерілген. Алайда ол күнге сәби жетпеді. Туыстарының жүрегінде бала ана жатырында тұншығып өлді деген күдік басым. Ал осы перинаталдық орталықта өткен жылы 32 нәресте шетінеген.

http://www.31.kz/video/show/id/17124/show/ib

 

Просмотров: 948 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]