Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



Әріптесім Құбыл Ршымбетұлымен таныстығым өткен ғасырдың90-шы жылдары басталған еді. Оны Алматы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтындағы «рефлекстік терапия» бойынша мамандану циклінде жолықтырдым. Курсанттар кезекпен өздерін таныстырып жатқанда, ол менің Қызылордадан екенімді біліп, жаныма келіп: «Інім, сен де Сыр өңірінен екенсің. Мен Қазалыданмын. Темір жол аурухана бас дәрігерініңорынбасары болып жұмыс істеймін. Алда 3 ай оқу бар. Жатақханада бірге тұрайық» деп өзі ұсыныс білдірді. Оның бітім-болмысы, адамдармен тез тіл табыса білу қабілеті мені тәнті етті. Сол кезден бастап онымен ағалық-інілік қатынасымыз жалғасып келеді.
Жыл өткен сайын оның іскерлік қабілетінің жан-жақтылығы жарқырай түскендей. Ол менімен кездескеннен кейін төрт жылдан соң Қазалы темір жол ауруханасының бас дә ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 973 | Қосты: психолог | Мерзімі: 16.06.2014