Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



16:11
ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚОЛЖЕТІМДІ

Облыстық медицина орталығының травматолог дәрігері Айдос Сапаров бастаған мамандар 77 жастағы ер азаматқа ұршық-бас эндопротездеу отасын жасады. Ота сәтті өтті.

Облыстың денсаулық сақтау саласы тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде барлық шараларды іске асыруда. Тиімді медициналық көмектің барлық тетіктері, саланың ұзақмерзімді жоспарлары негізге алынуда. Әсіресе, науқастарға көрсетілетін жоғары медициналық көмек көрсету деңгейі артты. Жоғарыда жасалған ота бұл сөзіміздің бір ғана дәлелі.

Мұндай жоғары мамандандырылған медициналық көмек облыста 2012 жылы басталған. Сала мамандарының айтуынша, қазір дәрігерлеріміз заманауи әдіс-тәсілдерді толық игерген және олардың біліктілігі мен тәжірибесі де жеткілікті. Осының нәтижесінде сырбойылықтардың Астана мен Алматы қалаларына баруы 85 процентке дейін азайған. Тізе буынын ауыстыру отасы 2016 жылы – 25, 2017 жылы 45 науқасқа, ұршық бас эндопротездеу 2016 жылы – 58, өткен жылы 81 науқасқа жасалған.

А.СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

"Сыр бойы"

Просмотров: 590 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]