Ағымдағы жылы Қазақстан халқы 600 жекеменшік клиникадан тегін медициналық көмек ала алады. Бұл Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры барлық жеткізушілерінің жартысына жуығын құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2018 жылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында халыққа қызмет көрсететін медициналық ұйымдармен келісімшарт жасасу процедурасын аяқтайды. Келісімшарт бірінші кезекте бірінші медициналық-санитарлық, жедел медициналық және өзге де басымдықты бағыттар бойынша көмек көрсету үшін жасалды», - делінген аталған қор таратқан ақпаратта
...
Одан әрі оқыңыз »