Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



06:42
Өз эмоцияңыздың денсаулығыңызға қаншалықты әсер ететінін біліңіз

Әлемде қанша адам болса, сонша пікір, сонша әртүрлілік бар дейміз. Дегенмен біз бір-бірімізден айырмашылығымыз көп болғанымен, эмоцияларымыз бірдей. Қорқу, ашулану, жек көру, таңғалу, мұңаю, жиіркену, шаттану, марқаю...

Осы маңызды эмоциялар өзгеру арқылы әртүрлі күйге енеді.

Эмоцияның туу механизмі соншалықты күрделі, оны зерттеп, әлі күнге түбіне жетпеді. Әртүрлі өмірлік жағдайлардың байланысы секілді эмоциялық жай-күй де белгілі бір гормондар бөлініп шығуына әсер етеді. Бір нәрсе ғана белгілі: адам әр күн сайын өзін жарып өтетін негативке қаншалықты көп орын берсе, денінің саулығы да соншалықты нашарлай береді.

Жүйке жүйесінің жұмысында шектен тыс ашулану, тітіркену, жирену, күйзеліс және үнемі режим бұзылуы иммунитет әлсіреуіне әкеп соғады. Дене құырылысымызда барлығы бір-бірімен тығыз байланысты екенін естен шығармауымыз қажет, ағзаның бір мүшесі дұрыс жұмыс істемесе, басқа барлық ағза істен шығуына сеп болуы мүмкін.

Өмір сүру – сезіну, адам эмоциядан ешқайда қашып құтыла алмайды. Ол өмірді түрлі реңге бояп, оны түсінуге көмектеседі. Денсаулығымыз қалыпты болуы үшін қолымыздан келері – негативті ойлар мен нашар көңіл күйлерді қоқысқа тастап, тек позитивпен өмір сүру.

Бұл тек тілге ғана жеңіл, іске қиын көрінуі мүмкін. Бірақ қиындықты да жеңудің жолы көп, оған әркім әртүрлі жетеді, әрқайсысы өзіне ыңғайлы әдісті таңдайды. Барлығы ойдағыдай орындалғанда әрі сенім ақталғанда, ағза өзін өзі мадақтайды, осыдан позитивті эмоция туады.

Егер жоспарымызды уақытылы орындасақ, одан автоматты түрде ләззат табамыз. Керісінше, ойымызды жүзеге асыра алмасақ, қынжылып, қырсыққа шалдыққандай боламыз. Өзіңізге оңтайлы эмоция санаңызда салтанат құруы тек өзіңіздің қолыңызда!

Дерек көзі: massaget.kz
 

https://baq.kz/kk/news/ult_sauligi/oz_emotsiyanizdin_densauliginizga_kanshalikti_aser_etetinin_biliniz20161219_143400

 

Просмотров: 905 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]