Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



09:17
Рухани білімді, тәрбиелі маман дайындау - басты мақсатымыз!

 

Г.С.СЕЙДІЛДАЕВА,

Қызылорда медициналық

жоғары колледжінің «Мейірбике ісі-2»

бөлімінің меңгерушісі,

М.К. ЕСДАУЛЕТОВА,

арнайы пән оқытушысы

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналады. Осылайша болашақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында қаланады»-делінген.

Осындай болашақ бәсекеге қабілетті білікті мамандар дайындайтын білім ордаларының бірі - Қызылорда медициналық жоғары колледжі болып табылады. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы айтылған міндеттерді орындауда колледж алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер қойып отыр. Қазіргі таңда осы заманға сай сапалы білімі бар жоғары инновациялық технологияларды жақсы меңгерген орта буын медицина қызметкерлерін дайындайтын колледждің 90 жылдық мерейтойына орай «Зертханалық диагностика» мамандығының студенттері дайындығының заманауи талаптарға сәйкестігін анықтауда «Химия», «Анатомия», «Зертханалық жұмыстар техникасы» пәндері бойынша олимпиада өткізілді. Олимпиада барысында студенттердің заманауи дайындық деңгейі, мемлекеттік оқыту стандартына сәйкес өз мамандығы бойынша кәсіби тапсырмаларды өздігінен шешу деңгейі анықталды.

Байқау шартына сәйкес қатысушылар 3 кезең бойынша тапсырмалар орындады. Бірінші «Тестілеу кезеңінде» қатысушылардың теориялық білімі анықталды. Екінші кезеңде «Менің болашақ жұмыс орным» тақырыбында конкурсанттар қазіргі таңдағы лабораториялық медицинаның жетістіктері, инновациялық технологиялармен, тың жаңалықтармен  таныстырды. Қазылар алқасы қатысушылардың авторлық позициясын, мәліметтердің өзектілігі және хабарламалардың жаңашылдығын, конкурсанттың материалды таныстыруда жаңа технологияларды қолдануы және коммуникативтілігі, презентацияның көрнекілігі, мультимедиялық технологияны қолдануын бағалады. Олимпиаданың іс-тәжірибелік бағдарлау кезеңінде пәндер бойынша ситуациялық есептерді шешу барысында алған білімдерін сарапқа салды.

«Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін-білім» деп Мұхтар Әуезов атап көрсеткендей, рухани ұлттық қажеттілікке жарайтын  мықты білім алған, рухани ұлттық тәрбие алған болашақ мамандарды дайындау-колледждің басты мақсаты!

Просмотров: 766 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]