Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:37
МИДЫ ТЫНЫҚТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Ғалымдардың айтуынша, үндемей отыра беру миға кері әсер етеді екен. Ал әңгіме айтып, әрдайым белсенді жүрсеңіз, жаңа сөздер үйренесіз, миыңызды жаттықтырасыз. 
Ұйықтаған кезде жарықтың жанып тұруы мидың дұрыс тынығуына кері әсер етеді. Сондықтан барынша қараңғы бөлмеде ұйықтауға тырысыңыз.
Балық, қара шоколад, ірімшік, соя, сарымсақ, банан және ең бастысы алма шырыны. Аталған тағамдар мен жеміс-жидек, көкөністер мидың белсенділігін арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар, грек жаңғағы, бал, мейіз де адамның есте сақтау қабілетін жақсартатын бірден-бір пайдалы тағам. Шахмат, домино, дойбы, сынды ақылдың күшімен ойналатын ойындар да адамның логикасын жетілдіріп отырады.

Миға жасалатын гимнастиканың да көптеген түрі бар. Мысалы, сөзжұмбақ шешіп, басқатырғыштар мен жұмбақтарды тауып көріңіз. Күнделік арнап өз өміріңіз жайлы жазып жүріңіз. Оны біршама уақыттан кейін қайта оқып көріңіз. Бұл тәсілдің өзіңізді жақсы жағынан өзгертуге де көмегі тиеді.

Ал, шаршап, жүйкеңіз сыр бере бастаса қарапайым ғана тәсіл – көзіңізді жұмып терең демалыңыз. Әдемі әуен де адамның жүйкесін тыныштандыруға көмегін тигізеді. Далаға таза ауаға шығып біршама уақыт жаяу жүріп көріңізші, барлық жаман ойдан арылып, тіпті, жаңа бір идеялар туындауы мүмкін. Құран кітапты оқып немесе оны тыңдаған кезде де адамның миы тынығатынын ғалымдар дәлелдеген. Аталған кеңестер сіздің жүйкені тыныштандырып, есте сақтау қабілетін арттыруға көмектесері сөзсіз. Ал,   сіз басқа қандай тәсілдерді білесіз?

Дайындаған Г.СӘБИТҚЫЗЫ.

http://osken-onir.kz/midy-tyny-tyru-zholdary/

Просмотров: 1499 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]