Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



Дәрігерлерді жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсульттен зардап шегетіндердің қатары жылдан-жылға өсіп жатқаны алаңдатуда. Дерекке жүгінсек, аурудың осы түріне шалдыққандар бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды иеленеді екен. Аталған аурулардың салдарынан еңбек қабілетін жоғалтушылар саны күрт өскен. Соған орай, соңғы жылдары мәселені шешудің жолдарын қарастырған Үкімет «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басты тармағын қан айналымының бұзылуынан болатын аурулардың алдын алуға арнады. Осы бағытта өткен жылы республикада 16 инсульт орталығы ашылған.

Соңғы жылдары Қызылорда облысында да қан қысымының жоғарылығы, жүрек-қан тамыры аурулары тұрғындар арасында жиі кездесетіні байқалады. Облыстық сала басшылары осы жағдайды ескере келе, биылғы жылы Қазалы аудан ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 762 | Қосты: психолог | Мерзімі: 24.01.2017

Қазіргі таңда мемлекеттік сала мамандарынан олардың білім-біліктілігінен бұрын, ең алдымен адамгершілікті, адалдықты, қарапайымдылықты талап ететініміз анық. Бүгінгі сұхбатымыздың кейіпкері ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мамандандырылған медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімінің басшысы Даналы Жұмашұлы Ералиев сондай жанның бірі. Оның жан дүние сымбаттылығы мен сыпайылығына, мәдениеттілігіне ерекше тәнті боласыз.

Даналы Жұмашұлы Жалағаш ауданының «Ақарық» ауылында дүниеге келген. Кейіннен отбасы Нағи Ілиясов атындағы ауылға көшіп келген соң, ол іргелес орналасқан «Шіркейлі» ауылындағы мектеп ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 1107 | Қосты: психолог | Мерзімі: 24.01.2017

Оқырманның «Мұндай атауға ие болған кім екен?» деп таң қалуы да мүмкін. Мен медицина қызметкері және ауру адам арасындағы қарым-қатынасты ғылыми түрде жете талдаған медициналық кітаптың бірінен Михали Балинттің «Дәрігердің өзі - дәрі» деген сөз тіркесін кездестіріп, Даналы туралы мақала жазарда тақырыпқа осы сөз өте лайықты деп шештім.

Онымен бірге жұмыс істескен жоқпын. Оған қоса отбасымен жете араласқан да емеспін. Өмірдің осынау қым-қуат шақтарында бірнеше мәрте басымыздың қосылған қысқа сәттері ғана бар.

 Мінезі тумысынан сырбаз, ашу-ыза, өкпелеу дегенді білмейтін әріптесімнің болмыс-бітімі мені қызықтыратын. Оның да зейнеткерлік жасына аман-есен жеткенін кездейсоқ есітіп, қуандым. Әйтп ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 997 | Қосты: психолог | Мерзімі: 24.01.2017