Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



15:40
Мамандар аллергияға анықтама берді



Қала тұрғындарының көпшілігі дерлік аллергия деп аталатын ауру түріне шалдығатыны рас. Бұл адам ағзасының қорғашан ортадағы түрлі қоздырғыштарға шамадан тыс реакциясы болып табылады.

Адамның иммундық жүйесі қоздырғыштарға түрлі ауру белгілерінің пайда болуымен жауап қатады. Адам ағзасының ауруға жауап беруі бірінші дәрежелі өте сезімталдық реакцияға жатады. Осы кезде антиденелерді бөліп шығару процесі жүреді. Оның белгілері аллергендер әсер еткеннен кейін бірден немесе олар ағзада қауіпті деңгейге жеткен кезде біршама уақыттан кейін де пайда болуы да мүмкін.

Аллергия ересек адамдарда да, балаларда да кездеседі. Әдеттегі белгілері: есекжем (крпивница), түшкіру және жөтелу, мұрын қуысының бітуі, көздің ісуі және шаншып ауыруы. Аса қауіпті салдарлары естен тану, анафилактикалық есеңгіреу, кеңістікте бағыттан адасу және т.б. болуы мүмкін. Шамадан тыс ауытқу белгілері сирек және аллергеннің тұрақты әсер етуінен пайда болады. Ағза мүшелерінің әртүрлі жүйелеріне қарай ауру белгілерін бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады. Тері реакциялары бөрту, есекжем, қызару және қышу арқылы көрініс табады. Тыныс алу мүшелерінің реакциялары құрғақ жөтел ұстамасымен, шырышты қабықшаның қозуымен, бронхтардың жиырылуымен сипатталады. Қантамырлар жүйесінде лейкоциттердің пішіні мен саны өзгереді. Асқазан-ішек жолдары жүйесінің реакциясы құсу, іш өту, денеде су мөлшерінің азаюы, және лоқсу арқылы көрініс табады.

Ауру себептері ауру түріне байланысты, бірақ кез келген жағдайда нақты бір қоздырғыштан пайда болады.
Тыныс алу жолдарының аллергиясы ауада ұсақ аллергендердің ағзаға реакция беруінен туындайды. Мәселен, бұл өсімдіктің тозаңы, саңырауқұлақтардың споралары, үйдегі шаң-тозаң, қайызғақ бөлшектері немесе қылдар және басқалар болуы мүмкін.
Тері аллергиясының қоздырғыштары косметикалық заттар, латекс немесе металл, тұрмыстық химия құралдары болуы мүмкін. Тағамдық аллергия белгілі бір азық-түліктерден ғана емес, сонымен бірге олардан ас әзірлеу процесінде де туындайды. Жәндіктерді ұстаған кезде, олар денені шаққанда, олардан алынған өнімдерді тұтынған кезде аллергияның инсекті түрі пайда болады.

Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер мен вирустық инфекциялар да аллергия беруі мүмкін. Осы ауру түріне қарсы дәрі-дәрмектердің барлығы көзге көрінетін белгілерді жеңілдетуге арналған, алайда бірыңғай панацея әзірше әзірленген жоқ. Көбіне ісінуге қарсы, гистаминге қарсы, комбинацияланған препараттар, кортикостероидар және т.б. қолданылады. Аллергиясы бар адам өзінің иммунитетін нығайтуы және өз денсаулығын қатаң бақылауға алуы тиіс.

Дереккөзі:
"Ортодокс"

http://reactor.inform.kz/kz/mamandar-allergiyaga-anyktama-berdi-a53416

Просмотров: 706 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]