18:49 Дәрігерлердің де қателесуге құқығы бар - министр |
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәрігердің қателесуге құқы бар. Мұндай пікірді бүгін еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Дәрігерлік қателік үшін жазалауға болмайды. Мұны біз нық сеніммен айта аламыз. Өйткені дәрігердің да қателесуге құқығы бар. Еш уақытта да 100 пайыз қай диагонз, қандай емдеу жолы сенімді екендігін білу мүмкін емес және де денсаулық сақтау жүйесі дамыған көптеген елдердің тәжірибесі аталған қателіктерді анықтауға бағытталған. Олар декларацияланады, қарастырылады және қызметкерлерді оқыту үшін шаралар қабылдайды. Бірақ, жазалау үшін емес», - деді Елжан Біртанов Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. Оның пайымынша, дәрігерді жазалау саладағы мамандардың кетуіне әкеліп соғады. Сондықтан да дәрігердің дұрыс медициналық көмек көрсетуге мүмкіншілігі болғанымен, оны қаламағандықтан салғырттыққа жол бергендігін бөле қарастыру қажет. «Ал ол медициналық көмек көрсету барысында қателесуі мүмкін. Меніңше, ол кезде ешқандай да қылмыстық жауапкершілік болмауы тиіс», - деді Елжан Біртанов.
Марлан ЖИЕМБАЙ
http://www.inform.kz/kz/darigerlerdin-de-katelesuge-kukygy-bar-ministr_a3137352 |
Просмотров: 679 |
Добавил: психолог
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]