Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:03
ДӘРІГЕРЛЕР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРУДЕ

Амбулаториялық емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық ауруханасы қызметкерлері арасында Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауы талқыланды.

Онда халық денсаулығы мен ұзақ өмір сүру деңгейінің өсуіне, жаңа медициналық технологиялардың өмірге енуіне, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету деңгейін жақсартуға байланысты Елбасы талаптарын орындаудағы міндеттер жөнінде жан-жақты талқылау болды.

Жолдауда айтылған индустриялық – иновациялық даму жөніндегі тың идеялар мен нақты тапсырмаларды жүзеге асыру баршамыздың абыройлы борышымыз – деді жиынға қатысушылар бір ауыздан.

Ақ халатты абзал жандар аудан өміріндегі қоғамдық – саяси жұмыстарға белсенде араласып Жолдауда қойылған Елбасы талаптарын жүзеге асыруға іспен жауап беруге дайын екендіктерін жеткізді.

https://qarmaqshy-tany.kz/zanalyk/377-drgerler-elbasy-zholdauyna-oldau-bldrude.html

Просмотров: 571 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]