Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:51
Болашақ дәрігерлер өңірлерде жұмыс істеуге міндеттілуі мүмкін

2018 жылғы 29 қаңтар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік білім гранты есебінен еліміздің жоғары медициналық оқу орнында білім алған мамандар өңірлерде жұмыс істеуге міндеттілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде денсаулық сақтау саласын цифрландыру тақырыбында өткен Үкімет сағатында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов шағын қалаларды медициналық кадрлармен қамтамасыз етудегі проблеманы көтерді. «Жастар ол жаққа бармайды. Осы проблеманың аясында соңғы уақыттарда жас мамандардың өздерінің пациенттерінен де қорқатын тенденция байқалады. Осы ретте Денсаулық сақтау мен Білім және ғылым министрліктері аталған проблеманы шешу үшін қандай жоспары бар?», - деп сұрады ол Елжан Біртановтан. Аталған мәселе бойынша сөз алған Денсаулық сақтау министрі ауылдық елді мекендердің емханаларына тапшы мамандықтарды жедел оқытуға бағытталған бірқатар шараның өткен жылы қабылданғанын еске салды. «Жалпы тәжірибе дәрігерлерін міндетті түрде үш жылдық резидентурадан өту қажеттілігін алып тастадық. Яғни, олар интернатурадан кейін бірден жұмыс істей алады. Осындай бірқатар мамандық бойынша жедел қайта дайындықтан өту мүмкіндігін бердік», - деді ол. Сонымен қатар министр мемлекет тегін оқу үшін гранттарды жеткілікті деңгейде бөліп отырғанын, алайда білім алғандарға жауапкершілік жүктелмегендіктен барлығы қалада жұмыс істеуге тырысатындығын айтты. «Сонықтан қазіргі уақытта бұл мәселені жаңа кодекс аясында талқылауға шығарамыз. Денсаулық сақтау саласында өткенге оралу мәселесін көтермекпіз. Яғни, егер адам мемлекет қолдауымен білім алатын болса, онда ол белгілі бір уақыт мемлекеттік комиссия кадр тапшылығын жою үшін қайда жіберсе сонда жұмыс істеуі тиіс», - деді Елжан Біртанов. Ал Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариев қазіргі уақытта жұмыс тобы ірі өңірлік жоғары оқу орындары базасында медициналық мамандықтар, факультеттер ашу мүмкіншілігін зерделеп жатқанын айтты.

Автор: Марлан ЖИЕМБАЙ

http://www.inform.kz/kz/bolashak-darigerler-onirlerde-zhumys-isteuge-mindettilui-mumkin_a3137344

Просмотров: 684 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]