Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



Ішкі құрылыс - асқазан мен бауырым мазалап, қаңтар айының ортасында теміржол ауруханасының терапия бөліміне түстім. Мұнда алғаш рет емделуім еді. Онда болған он күнде жақсы істерге көңілім сүйсінді. Іші тап-таза, шыбын даусы естілмес тыныштық. Әрбір науқастың бас жағында бір-бір қоңырау нүктесі орнатылған. Бассаң, қасыңа медбике келіп тұрады. Барлық жағдай жасалған. Ортада кезекшілікте отыратын медбикенің қарсы алдында «Тәкаппарлық Сізге жараспайды, ақылыңнан адасасың ұмытпа», «Сіздің әр қылығыңыз өзгелерге үлгі», «Не қиындық болса да қиналма», «Жақсы сөз-жарым ырыс», «Сіз дәрігердің әрі досы әрі көмекшісіз» деген өсиет сөздер тайға таңба басқандай етіп жазылған.
Сондағы көргенімді айтпай кетуді лайық демей, газетіміз арқылы халыққа жеткізуді жөн көрдім ... Одан әрі оқыңыз »

Қаралғаны: 1018 | Қосты: психолог | Мерзімі: 21.02.2015