Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Жыланның, насекомның шағуындағы шұғыл көмек

Жылан шағуының біліністерінің жалпы және жергілікті болуы мүмкін:
- шаққан тұстағы қатты ауыру, бұл аумақтағы тіндердің ісінуі, тері астылық қан құйылулар;
- бас айналу, жүрек айну, қатты әлсіздік, уақытша естен тану, төменгі артериалды қысым фонындағы коллапс (ол әлсіз, «жіп тәріздес» тамыр соғуы түрінде анықталады).
Алғашқы көмек
Жыланның шағуынан кейінгі алғашқы минуттарда жарадан уды сорып алған жөн. Шаққан тұста теріні кесуге мүлдем болмайды!
Зардап шегушінің қол-аяғына сынық кезіндегідей қолдағы бар бұйымдармен қозғалысына шектеу қояды. Зардап шегушіні емдеу стационарына тезірек жеткізу науқасты аман алып қалу тәуекелін арттырады. 

Араның, бөгелектің шағуы терінің ашуы, ауыруы, қызаруы және ісінуі сезімімен сипатталатын жергілікті қабыну реакциясын шақырады. 
Ісік әсіресе бетті, мойынды шаққанда үлкен болады. Басқа жағдайларда қалтырап-дірілдеудің, жүрек айнуының, ауыздың құрғауының, бас айналудың білінуі мүмкін. Насекомдардың уының әсерінен басқа қайталап шағуда туындайтын аллергиялық реакциялар туралы есте ұстаған жөн.
Алғашқы көмек
- жарадан насекомның тұмсығын алып тастау;
- шаққан тұсқа спирт, арақ, әтір жағу;
- шаққан жерге суық, дұрысы мұзы бар қауақ қою;
- ішуге – аллергияға қарсы дәрілерді (1-2 таблетка димедрол немесе 1-2 таблетка супрастин) беру.
Қатты білінетін аллергиялық реакциялардың тез арада өлім себебіне айналуы мүмкін!      

Алтынай Сапиевна БЕРКАНОВА,
шақыру фельдшері,
№2 бөлімше,
Қызылорда қалалық дәрігерлік “жедел жәрдем” стансасы  

Сурет doomplanet.ru сайтынан алынды


 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (27.09.2015)
Просмотров: 1154 | Теги: берканова, насекомның шағуы, шұғыл көмек, Алтынай, жыланның | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]