Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Жұқпалы дертке шалдыққан науқасты мейірбикелік тексеру

Инфекциялық сырқатты зерттеуді оның төлқұжаттық деректерін, дәрігер диагнозы мен пациентті осы кезде мазалайтын шағымдарды жинаудан бастау керек. Науқастың әлеуметтік мәліметтерін және оның өмір сүру шарттарын, аллергиялық және эпидемиологиялық анамнезін нақтылау қажет. Пациент кейде өз жай-күйінің ауырлығына байланысты контактқа қиын түседі, сондықтан ол туралы ақпаратты басқа көздерден: пациенттерден, оның отбасы мүшелерінен, әріптестерден, медициналық құжаттардан, физикалық қарау, диагностикалық тесттер нәтижелерінен жинақтауға болады.
Егер науқастың жағдайы ерік берсе, оның физикалық денсаулығы ғана емес, сондай-ақ психикалық, эмоционалдық, рухани жай-күйі туралы да толық сұраған жөн.
Мейірбикелік тексеру негізінде америкалық психолог А.Маслоудың адами қажеттіліктер туралы ілімі жатыр. Мейірбике сол 14 негізгі, өмірлік қажеттіліктерді білуі тиіс. Олар: 1) тыныс алу, 2) тамақ ішу, 3) сұйық ішу, 4) сыртқа бөлу, 5) қозғалу, 6) дені сау болу, 7) дене температурасын ұстап тұру, 8) ұйықтау және тынығу, 9) киіну және шешіну, 10) таза болу, 11) қауіптен қашу, 12) қарым-қатынас жасау, 13) өмірлік құндылықтарын иелену, 14) жұмыс істеу, ойнау және оқу.

Гульнур Бекмаганбетовна НЕСИПБАЕВА,
мейiрбике,
ересектер бөлiмшесi,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет www.medzhencentre.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.01.2015)
Просмотров: 823 | Теги: несипбаева, мейірбикелік тексеру, адами қажеттіліктер, А.Маслоу, Гульнур | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]