Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары туралы

Негізінен бұл іс-шаралардың екі тобынан құралады: жалпы және арнайы.
1. Жұқпалы кеселдердің жалпы алдын алу - тұрғындардың экономикалық, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, денсаулық сақтау жүйелерін дамытуға, медициналық қызметті, медициналық және фармацевтикалық өндірістерді, ғылыми орталықтарды, медициналық білім беру мекемелерін материалдық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған жалпы мемлекеттік масштабта жүргізілетін іс-шаралар.
2. Жұқпалы кеселдердің арнайы алдын алу - емдік-профилактикалық мекемелерде (ЕПМ) және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мамандары, ветеринарлық қызмет көрсету, ауыл және орман шаруашылығының қызметкерлерімен бірлесе отырып, қоздырғыштармен, инфекция көзімен, оның жұғу жолдарымен және механизмдерімен күресу бойынша іс-шаралар.
Адамдар үшін жұқпа көзі - науқас адам (антропоноздарда), үй және жабайы жануарлар (зооноздарда) және сирек жағдайларда дерт топырақтан жұғады.
Антропонозды ауру кезінде, ең алдымен дерт жұққан адамды тауып алып, оны оқшалау (үйде немесе ауруханада) және қоздырғышты жоюға арналған этиотропты  ем қолдану керек. Бұл эпидемияға қарсы шаралар емханаларда, жұқпалы аурулар ауруханасында (аудандық, қалалық, обылыстық, республикалық) жүреді.
Зоонозды ауру кезінде ветеринарлық қызмет көрсету мекемесімен бірге отырып, үй және ауыл шаруашылығы малдарының денсаулығын жақсартуға бағытталады. Кеміргіштер мен ауру жұқтыратын жабайы жануарлардың көзін жоюға арналған. Осы сатыдағы эпидемияғы қарсы жүргізілетін шаралар жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға арналады. Аурудың жұғу жолымен, деректерінің көп болуына байланысты қоздырғыштың нәжістік-ауыздық (фекалды-оралды), аэрозолды, трансмиссивті, қарым-қатынас, қан арқылы, тік жұғу механизмдерінің көп болуына байланысты алдын алу шаралары да әр түрлілігімен ерекшеленеді. Олар: санитарлық-гигиеналық, дезинфекциялық, дезинсекциялық,  дератизациялық шаралар.
Санитарлық-гигиеналық шаралар - ішек инфекциясының алдын алуда маңызды. Бұл коммуналдық-санитарлық, өндірістік, тағамдық, мектептік бақылау түрлері мен тұрғындарды санитарлық-гигиеналық тәрбиелеу болып табылады.
Дезинфекциялық шаралар - қоздырғыштарды, олардың сыртқы ортада сақталуын жою. Бұл шаралар арнайы әдістермен, заттар арқылы жасалады. Мысалы, ошақта жүргізілетін дезинфекция (ошақтық дезинфекция), көпшілік арасында және көліктерде, емдеу мекемелерінде жасалатын алдын-алу дезинфекциясы.
Ошақтық дезинфекция - өтпелі (күнделікті) науқастың айналасындағы (үйдегі, ауруханадағы) дезинфекция, қорытынды - ошақтан науқасты алып кеткеннен, науқас жазылғаннан немесе өлгеннен кейінгі жасалатын дезинфекция.
Дезинсекциялық шаралар - бұл жәндіктермен, яғни аралық тасымалдаушылармен - бүргемен, битпен, кенемен, масамен, мокситпен күресу. Бұл да ошақтық, камералық алдын-алу болып табылады.
Дератизациялық шаралар - бұл зоонозды аурудың табиғи ошағы болып табылатын кеміргіштермен күресу.
Бұл іс-шаралардың бәрі негізінен жұқпа көзін, олардың жұғу жолдарын жоюға арналған алдын-алу іс-шаралары.

Жадыра Уалибековна ТИЛЕСОВА,
мейiрбике,
балалар жұқпалы аурулар бөлiмшесi,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

 
Сурет www.umj.com.ua сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (20.01.2015)
Просмотров: 17534 | Теги: Дератизация, дезинфекция, жадыра, тилесова, дезинсекция | Рейтинг: 2.0/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]