Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Жүктілік және жыныс жолдары арқылы берілетін кеселдер

Жыныс жолдары арқылы берілетін кеселдер (ЖЖАБК) екі қабат әйел мен оның болашақ перзентінің денсаулығына теріс әсер етеді. Кейбір кеселдердің симптомсыз өтіп, ерте босануға, түсік тастауға, сонымен қатар ұрықтың ана жатырында қайтыс болуына жетелеуі мүмкін. Сондықтан жүктілік білінгенше екі жұбайдың да ЖЖАБК-ге тексерілуі қажет. Жасырын жұқпаларды анықтау мен емдеуді екі қабаттылық басталғанша қолға алған жеңіл.
Көп жағдайда жүктіліктен соң кеселді анықтауда оны үзу туралы шешім қабылданады. Емдеуге арналған көптеген дәрілер де ұрық үшін зиянды.
Ана мен ұрыққа аса қауіпті жұқпалар:
1. Хламидиоз - әйелдердің 40%-інен анықталады.Көбіне ол уретрит сияқты білінеді. Дәл осы кесел жатырдан тыс жүктілікке жетелейді. Сондай-ақ екі қабаттылықтың ерте мезгілінде түсіктің болуы мүмкін. Егер хламидиоз жүктілік кезінде емделмесе оның ұрықтың гипотрофиясына әкелуі ықтимал.
2. Соз (гонорея) – урогениталдық тракттың шырышты қабығын зақымдайтын жұқпа. Негізінен жыныстық жолмен жұғады. Ұрықтың жұқпалануы көбіне жатырішілік немесе туу кезінде болады. Жұғу нәтижесінде балада офтальмия кеселі дамып, оның кейде толық соқырлыққа жетелеуі мүмкін.
3. Трихомоноз – статистикаға сәйкес жылма-жыл бұл жұқпа 180 миллион адамнан анықталады. Негізінен жыныстық жолмен жұғады.
4. Микоплазма мен уреоплазма түсіктің, бала дамуының кешеуілдеуінің және ұрықтың даму ауытқуларының себебіне айналады.
5. Токсоплазмоз – ең кең тараған жұқпа. Ол көбіне ұрықтың жатырішілік өлуіне, нәрестенің қайтыс болуына жетелейді.
6. Кандида тобының зеңдері әйелдердің 36%-інде байқалады. Бұл кесел ұрықтың дамуына әсер етпейді.     

Ләззат ҚАСЫМОВА,
акушерка,
перзентхана бөлімі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Қазалы аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы

Сурет hochurodit.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (02.09.2015)
Просмотров: 1324 | Теги: Жүктілік, қасымова, ләззат, ЖЖАБК | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]