Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫ (ПБЗ) ҚОЛДАНА БАСТАУЫНЫҢ ЖАЛПЫ БЕЛГІЛЕРІ

- оқуға, әдеттегі ермектеріне қызығушылықтың, құлықтың төмендеуі;
- айналадағылардан оқшаулану, бөлектену, эмоционалдық салқын қатынас пайда болып, томағатұйықтық, және жалған айту сияқты мінездер күшеюі мүмкін;
- кейде өшпенділік, ызақорлық көріністері байқалып, олар табиғи емес көңіл хоштығы кезеңдерімен алмасуы ықтимал;
- жасөспірім жүретін тобыр (компания) көбінесе ересек жастағылардан  құралады;
- отбасы мүмкіндігіне сәйкес емес ірі көлемдегі немесе шығу тегі белгісіз аздаған сомадағы ақшаның анда-санда жасөспірімде пайда болуы. Сондай-ақ ақшаны қарызға сұрау немесе әлсіздеу балалардан тартып алуға әрекет жасау пайда болады;
- жасөспірімдердің наша және/немесе басқа психикалық белсенді заттарды қолданатынын біле тұра, көбіне солармен қарым-қатынас жасауға бейім тұру;
- бақуатты отбасындағы балаларға әсіре қызығу, олармен достасуға тынымсыз ұмтылу;
- есірткіге бейімділіктің шприц, ине, кішкене құтылар, түймедақтардың (таблеткалардың) корапшалары, целлофаннан немесе фольгадан жасалған кішкене орамалар, желімнен қалған құтышалар, өткір иісті заттардан қалған пластикалық қалталар сияқты белгілерінің (атрибуттың) болуы, киім және ауыздан есірткіге тән химиялық иістің шығуы;
- тәбет жоқтығының дамылсыз артуы, оның қомағайлыққа дейін өзгеруі. Аракідік жүрек айну, құсу;
- білекте, қанда, қол басында инъекцияның ізінің, теріде, кілегей қабықта тітіркену белгілерінің болуы;
- қарашықтың себепсіз кішіреюі немесе ұлғаюы.

Гульшат Кузербаевна АЙМУХАМЕДОВА,
мейірбике,
№1 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК

Сурет unicrb.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.01.2015)
Просмотров: 893 | Теги: аймухамедова, ПБЗ, қолдану белгілері, гульшат | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]