Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Жаралардағы алғашқы көмек

Механикалық немесе басқаша әсер нәтижесінде тері мен тереңде жатқан тіндердің тұтастығының бұзылуы ашық жарақаттану немесе жаралар деп аталады. Жараның тек тері немесе шырышты қабат зақымданғанда беткейлі, қан тамырлар, нервтер, ішкі ағзалар зақымданғанда терең болуы мүмкін.
Ішкі қабықтар мен түрлі қуыстағы, әсіресе құрсақ және кеуде қуыстары зақымданатын терең тесіп өткен жаралар өмірге аса қауіпті!
Жаралаушы заттардың сипатына байланысты жаралардың мынадай түрлері ажыратылады:
- үшкір қарудан болған жара, аздаған сыртқы тесігі бар, үлкен тереңдіктегі және ішкі ағзалардың зақымдануы мүмкін;
- кесілген – үшкір кесетін заттан (пышақ, ұстара, әйнек) болатын, тегіс, бүлінбеген шеті бар жара;
- шабылған – үшкір, бірақ аса үлкен зат (мысалы, балта) әсерінен пайда болатын жара, сол себепті жара үлкен өлшем иеленеді және сүйектің зақымдануымен бірге жүреді;
- соғылған жара – доғал зат әсерінен пайда болады, мұндай жаралардың шеті езгіленген, тегіс емес, қанға бөккен;
- оқтан болған жара – оқ ататын қарудың снарядының зақымдаушы әсерінен болатын жара.
Операциялық жаралардан басқа жаралардың бәрінің инфицирленген (жұқпаланған), яғни микробтық ластануы бар деп есептелуі тиіс. 
Жануарлар тістегеннен болатын жаралар оның сілекейімен бірге аурулардың, оның ішінде құтырудың берілу мүмкіндігіне байланысты белгілі бір қауіп шақырады. Жаралану қарқыны ауыру мен қан кетуден туындайтын шок түріндегі организмнің жалпы реакциясымен бірге жүреді. Жараланудан кейін бірден болатын қан ағу өмірге аса қауіпті, ал кеш мерзімде – жарада дамитын жұқпа қатерлі асқынуларға – сепсиске немесе столбнякқа дейін жетеді. 
Алғашқы көмек.
Жараланудағы алғашқы көмек ең алдымен кез келген мүмкін тәсілмен қан тоқтату болып табылады. Екінші міндет – жараны ластанудан және жұқпаланудан қорғау. Жараны дұрыс өңдеу асқынулардан сақтайды және оның жазылуын екі еседен астам жеңілдетеді. 
Жараны таңудан бұрын оны талапқа сай өңдеуден өткізу керек. Жараға күйдіретін заттардың түсуін болдырмау керек!
Таңуды арнайы техникаларға және таңып-байлау ережелеріне сүйене отырып атқарады. Таңудың қол-аяқтың қан айналуын бұзбауын қадағалау міндетті.              

 

Рауа КУБЕКОВА,
мейірбике,
хирургиялық кабинет,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Қармақшы аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК
қарасты емхана,
Жосалы кенті,
Қармақшы  ауданы 

Сурет rebenok.by сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (27.09.2015)
Просмотров: 2253 | Теги: кубекова, алғашқы көмек, жаралар, рауа | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]