Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Үсудегі алғашқы медициналық көмек

Алғашқы медициналық көмек көрсетудегі әрекет үсудің дәрежесіне, организмнің жалпы жаурауына, жас шамасына және қосалқы кеселдерге байланысты болады. 
Алғашқы көмектің мәні тоңуды тоқтатуда, қол-аяқтарды жылытуда, суық зақымдаған тіндердегі қан айналысын қалпына келтіруде және жұқпа дамуының алдын алуда. 
Үсу белгілері байқалғанда бірінші істелетіні – зардап шегушіні жақын маңдағы жылы мекен-жайға жеткізу, суықтан қатқан аяқ киімді, шұлықты, қолғапты шешу. Алғашқы көмек көрсете отырып дәрігерлік көмек беру үшін «жедел жәрдемді» шұғыл шақырған жөн.
Үсудің І-ші дәрежесінде үсіген телімдерді жылы қолмен, жеңіл массажбен, жүнді матамен, деммен қызарғанша жылыту, одан соң мақталық-дәкелік таңу жасау керек.
ІІ-ІV дәрежедегі үсуде тез жылыту, массаж немесе ысқылау жасалмайды. Зақымданған жерге жылуды оқшаулайтын таңу атқарылады (дәке қабаты, қалың мақта қабаты, қайтадан дәке, үстіне клеенка немесе резеңкесі бар мата). Зақымданған қол-аяқты қолдағы бар бұйымдармен (тақтай, фанера бөлігі, қатты картон), олардың үстін таңып, бекітеді.
Зардап шегушіге ыстық сұйық, ыстық тағам, бір таблетка аспирин, анальгин, екі таблеткадан «но-шпа» мен папаверин беріледі.
Науқастарды қармен ысқылауға болмайды, өйткені қолдың саусақтары мен табанның бармақтары нәзік, олардың зақымдануы, ал терідегі ұсақ сызаттарға жұқпаның енуі мүмкін.
Алғашқы көмектің керегі жоқ және ықпалсыз нұсқасы – жақпа майларды, майларды жағу, терең үсуде спиртпен ысқылау.
Жеңіл дәрежедегі жалпы үсуде бастапқыдағы 24оС су температурасын біртіндеп дененің қалыпты температурасына дейін көтере отырып, зардап шегушіні жылы ваннада жылыту аса ықпалды.
Тыныс алу мен қан айналу бұзылыстары бар жалпы жаураудың орта және ауыр дәрежесінде зардап шегушіні тезірек ауруханаға жеткізу қажет.   
 
 

Рауа КУБЕКОВА,
мейірбике,
хирургиялық кабинет,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Қармақшы аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК
қарасты емхана,
Жосалы кенті,
Қармақшы  ауданы 

Сурет rybinsk.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (27.09.2015)
Просмотров: 1243 | Теги: кубекова, үсу, алғашқы медициналық көмек, рауа | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]