Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Уланудағы алғашқы көмек

Пероралдық улануда (уытты зат ауыз арқылы түскен кезде) жедел көмек бригадасын шұғыл шақырыңыз. Болған оқиғаның жай-жапсарын пысықтаңыз (дәріден уланғанда келген медицина қызметкеріне дәрінің қорабын көрсету қажет).
Егер жапа шегушінің есі сақталса, онда асқазанды жууды қамтамасыз етіңіз. Температурасы 18-20оС бір стақан таза су ішкізіледі. Бір литр суға десертті қасық ас тұзы (10 г) және шәй қасық ас содасы (5 г) қосылады. Әрбір 300-500 мл су ішкеннен кейін саусақты тілдің түбіріне қойып құсық шақыру керек. Асқазанды жуғандағы қабылданатын сұйықтың көлемі ең кемі 2,5-5 л-ден кем болмауы қажет.
Асқазанды “таза жуынды су” шыққанша өткізеді.
Зардап шегуші есінен танғанда асқазан жуылмайды.
Бір стақан суға белсенді етілген көмірдің 10-20 таблеткасын қоймалжың етіп, зардап шегушіге абсорбент ретінде беруге болады.
Егер зардап шегуші есінен танса күре тамырдың соғуы, қарашықтардың жарыққа реакциясы, өз бетінше тыныс алуы анықталады.
Егер бұлар болмаса жүректік-өкпелік реанимацияға (ЖӨР) кірісу қажет. Зардап шегушіні тұрақты бүйірлік кейіппен жатқызады. Оны жылы көрпешемен, киіммен қымтайды. “Жедел жәрдем” шақырылып, зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізу қажет.
Ингаляциялық улануда (уытты заттар тыныс алу жолдары арқылы түскенде).
Иіс тию белгілері: көздің қарып ауыруы, құлақтағы шуыл, бас ауыруы, жүрек айну, құсу, естен тану, терінің қызаруы.
Тұрмыстық газбен улану белгілері: бастағы ауырлық, бас айналу, құлақтың шыңылдауы, құсу, бұлшықеттік күрт әлсіздік, жүректің қағуы, ұйқы басу, естен тану, еріксіз зәр кету, терінің бозаруы (көгеруі), беткейлі тыныс алу, құрысулар.
Зардап шегушіге еш қауіптің жоқтығына көз жеткізіп, оны қауіпсіз орынға шығарады және терезені ашып, бөлмені желдетеді. Дереу “жедел жәрдем” шақырылады.        

Сарагуль Молдабаевна АРЛЕНКИЕВА,
мейірбике,
Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем станциясы

Сурет med-pomosh.com сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (03.09.2015)
Просмотров: 1588 | Теги: улану, алғашқы көмек, сарагуль, арленкиева, ЖӨР | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]