Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туляремиядағы мейірбикелік көмек

Туляремия зооноздық індеттерге жататын кесел. Оның ауыр түрі бар науқастарда дерттің бастапқы кезеңінде орталықтық тектегі құсудың және сағат сайынғы қан ағудың білінуі мүмкін. Мейірбике құсу кезінде көмек көрсете отырып, науқастың басын төменге иіп, бүйірге бұруы қажет. Мұнда құсу массаларының тыныс алу жолдарына түспеуіне басты көңіл бөлінеді. Мұрыннан қан қанның кетуін тоқтату үшін сырқатты шалқасынан жатқызады, басының астынан жастықты алып тастайды және мұрын жолдарына мақта арқылы тампон жасайды. Егер бұл шаралар нәтиже бермесе, артқы тампонада жасау үшін ЛОР дәрігерінің көмегі қажет болады.
Туляремияның бубондық формасында қыздырушы спирттік компресс қойылады немесе құрғақ жылу қолданылады. Бұл бубонның тезірек жазылуына ықпал етеді.
Дерттің ангинозды-бубонды түрі бар ауыр науқастың дезинфицирлеуші әлсіз ерітіндінің көмегімен ауыз қуысын және жұтқыншақты шаюын атқарады.
Туляремияның көздік-бубондық формасына зақымданған көзді ас содасының ерітіндісімен немесе қайнаған жылы сумен жуу қажет. Көзге тәулік бойына 2-3 рет альбуцид тамызылады.
Палаталарда зарарсыздандыру жүргізіледі, жұқпаны пациенттер мен жануарларға таратуы мүмкін қанатты насекомдардың келуіне тосқауыл қою мақсатында терезелерге, есіктерге тор керіліп, репеленттер пайдаланылады.          

Гульнара Абдукамаловна НУРУМБЕТОВА,
мейірбике,
бокс бөлімшесі,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет www.kasparov.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (06.09.2015)
Просмотров: 1184 | Теги: туляремия, гульнара, мейірбикелік көмек, нурумбетова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]