Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туберкулезге шалдыққан сырқаттың емдік және қозғалыс режімі

Туберкулезі бар науқастарды емдеу организмнің жеке ерекшеліктерін (жас шамасын, дене массасын, функционалдық жүйенің жай-күйлерін, қосымша кеселдердің болуын) ескере отырып кешені түрде жүргізіледі. Сондай-ақ туберкулездің клиникалық формалары, кеселдің өту ауырлығы, асқынулар ескеріледі.
Емдік шаралардың кешеніне мыналар кіреді:
- гигиеналық және диеталық режім;
- химиотерапия;
- патогенетикалық ем;
- коллапстық терапия;
- хирургиялық ем.
Көрсетілген режім науқастың қорғаныс механизмдерін нығайтатын, оның организміне жалпы және жергілікті әсер етудің ықпалды тәсілдерінің бірі болып табылады.
Туберкулезге шалдыққан науқасты стаицонарда емдеу көңілге қонымды (рационалды) және емдік-гигиеналық пен диеталық режімде жүзеге асуы тиіс. Соңғысының маңызды элементі қозғалыс белсенділігі мен емдік тағамдану болып табылады.
Қазіргі жағдайда стационарда емделуде жатқан тыныс алу ағзаларының туберкулезі бар сырқаттарға үш негізгі қозғалыс режімі нұсқалады:
- абсолюттік тыныштық немесе төсек режімі;
- салыстырмалы тыныштық немесе аяулы режім;
- жаттығу режімі.
     
 

Кулжамал Достанбайқызы ИБРАЕВА,
мейірбике,
Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы диспансер

Сурет ftiza.su сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (03.09.2015)
Просмотров: 839 | Теги: кулжамал, туберкулез, ибраева, емдік және қозғалыс режімі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]