Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туберкулезге шалдығудың жоғары қауіп факторлары

Туберкулез жұқпасының тез таралуына миграциялық, демографиялық және әлеуметтік (социалдық) факторлар күшті әсер етеді.
Бұған мыналар куә:
- туберкулездің таралуының індеттік (эпидемиялық) сипат иеленуі урбанизация процесінде анық көрінеді (елдің қалаға қоныстануы);
- тығыз орналасқан және антисанитария жағдайында өмір сүретін кедей қала тұрғындарының арасында туберкулез көп тараған;
- туберкулездің кең қанат жаюы соғыс кезінде, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық дүмпу кезінде байқалады.
Бұл жағдайларда туберкулездің тез тарауының жалпы механизмі дені сау адамдардың туберкулезге шалдыққан науқастармен (яғни, туберкулез жұқпасының көздерімен) тығыз контактта болу санының күрт артуымен сабақтас.
Сондай-ақ маңызды фактор қатарында ұзақ стресс, жетімсіз тағамдану мен жағымсыз тұрмыстық жағдайларда болған адамдардың көбісінің организміндегі жалпы резистенттіліктің төмендеуі бар.
Туберкулезге шалдығудың жоғары қауіпін анықтайтын факторлардың үш негізгі тобын бөліп көрсетуге болады. Олар:
- туберкулезге шалдыққан сырқатпен тығыз контакт (тұрмыстық және өндірістік);
- организмнің резистенттілігін төмендететін және туберкулездің дамуы үшін жағдай жасайтын түрлі кеселдер мен жай-күйлер;
-әлеуметтік-экономикалық, тұрмыстық, экологиялық, өндірістік және басқа факторлар.        

Жанар Ерболатовна АБДРЕЕВА,
мейірбике,
Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы диспансер

Сурет tuberculum.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (03.09.2015)
Просмотров: 1044 | Теги: қауіп факторлары, туберкулез, абдреева, Жанар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]