Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туберкулездің санитарлық профилактикасы

Санитарлық профилактиканың мақсаты – дені сау адамдардың туберкулез микобактерияларымен (ТМБ) жұқпалануынан сақтандыру. Санитарлық профилактиканың нысандары: ТМБ бөлетін көздер және туберкулез қоздырғышының берілу жолдары.
Жұқпа көздері – туберкулезбен ауырған адамдар (антропоноздық туберкулез) және ауру жануарлар (зооноздық туберкулез).
Барынша эпидемиолоиялық қауіпті бактерия тасымалдаушылар құрайды. Олар сыртқы ортаға ТМБ-ның елеулі санын бөлетін туберкулездің белсенді түрімен ауырған адамдар.
Туберкулез жұқпасының аса қауіпті көзі - өкпе ағзаларының зақымдануы мен туберкулездік қабыну аумағындағы өкпе тінінің ыдырауы (деструкциясы) бар науқастар. Мұндай сырқаттар жөтелгенде, түшкіргенде, қатты эмоционалды сөйлегенде қақырықтың ұсақ бөлшектерімен бірге туберкулез қоздырғыштарының елеулі санын сыртқа шығарады.
Бактерия бөлушіні қоршаған ауа ТМБ-ның орасан мол санын иеленеді. Мұндай ауаның дені сау адамның тыныс алу жолдарына өтуі оның жұқпалануына жетелеуі мүмкін.
Туберкулездің өкпеден тыс түрлері бар науқастарда ТМБ-ын жыланкөзден, зәрден, нәжістен, етеккір қанынан және басқа бөліністерден аңғаруға болады. Дегенмен бұл науқастардың эпидемиялық қауіпі салыстырмалы түрде жоғары емес.
Туберкулез алғаш рет табылған адам мен жануар туралы дер кезінде шұғыл хабар алынады.
Туберкулез жұқпасының тарау қауіпі материалдық-тұрмыстық жағдайға, тұрғындардың мәдени деңгейіне, науқас пен онымен контактқа түсетін адамдардың әдетіне байланысты болады. Сондай-ақ санитарлық профилактика нысанына ТМБ-ның айналасында қалыптасатын туберкулез ошағы да жатады.      

Жанар Ерболатовна АБДРЕЕВА,
мейірбике,
Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы диспансер

Сурет ftiza.su сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (03.09.2015)
Просмотров: 1200 | Теги: туберкулез, абдреева, Жанар, санитарлық профилактика | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]