Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туберкулез. Өзіңнің және айналаңдағы адамдардың денсаулығын сақта!

Туберкулез – жұқпалы дерт. Ол негізінен ауа-тамшы жолымен тарайды, сондықтан оны кез келген жерден жұқтырып алу қауіпі бар.
Туберкулезбен ауыру тәуекелі науқастардың жанында ұзақ уақыт болуға тура келетін адамдарда тым жоғары: фтизиатриялық ауруханалардағы медицина қызметккерлері, туыстары туберкулезге шалдыққан адамдар (егер олар бір пәтерде, бір үйде тұрса). Жоғары қауіп тобына балалар мен жасөспірімдер жатады.
Туберкулездің ерекшеліктік профилактикасы БЦЖ вакцинациясы және ревакцинациясы арқылы жүргізіледі. Қайта егу үшін алдында Манту сынамасы атқарылады.
Қорғану шаралары:
- Қолды мүмкіндігінше жиі жуу, әсіресе жақын маңда жөтелетін және түшкіретін адамдар болса.
- Тығыз материалдан қорғаныс маскасын таңу және жұқпаланған адамдардан алысырақ тұру.
- Флюорографиядан тұрақты түрде өту, ол дертті ерте сатысында анықтауға ерік береді.
- Мүмкіндігінше таза ауамен дем алу, күн көзіне жиі шығу.
- Құнарлы, толыққанды тамақтану.
- Темекі тартпау және алкогольді шектен тыс тұтынбау.
- Стресстен мейлінше аулақ болу. Өйткені стресс пен депрессия иммундық жүйенің жағдайына теріс әсер етеді.
- Үйді хлоры бар ерітінділермен жуу, бөлмені желдету, төсек-орынды, киім-кешекті күн көзіне іліп қою.   

Жанар Советовна СЕРЖАНОВА,
фельдшер,
“Амбулаториялық емханалық қызметі бар
Арал аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
“Қосаман” дәрігерлік бекеті,
Арал ауданы

Сурет medhist.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (17.09.2014)
Просмотров: 920 | Теги: флюорография, туберкулез, Жанар, БЦЖ вакцинациясы және ревакцинацияс, Манту сынамасы, сержанова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]