Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Сарыптың (бруцеллездің) алдын алу

Сарып – зооноздық жұқпа. Оның ауру жануарлардан адамдарға берілуі мүмкін және адам организмнің көптеген зақымдануларымен сипатталады. Жұқпаның көзі және резервуары ауылшаруашылық малдары (сиырлар, қойлар, ешкілер, шошқалар, сирегірек иттер).
Ауру малдардан кеселдің жұғуы тағамдық, ауа арқылы және контакттық жодармен өтеді.
Сарыптың алдын алу үшін малдарды дертке қарсы бірнеше рет егеді. Жұқпаға күдік туғанда барлық ауырған мал берік оқшауланады. Зарарланған малды құртуда санитарлық шаралар сақталып, оны арнайы жабдықталған алаңдарда жүзеге асырады.
Ауру мал тұрған қора дезинфицирлеуші бұйымдармен зарарсыздандырылады. Сарып жұқтырып алмау үшін сүт өнімдерін термикалық стерильденген сүттен әзірлейді, етті 3 сағат бойына қайнатады.
Жануармен тікелей контактта болатын адамдар сақтық шараларын мұқият орындауы тиіс.


Калжан Забаровна КОЖАХМЕТОВА,
мейірбике,
орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшесі,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы      

Сурет www.medicalj.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (19.01.2015)
Просмотров: 960 | Теги: кожахметова, Калжан, сарып, алдын алу | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]