Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Сарыптағы (бруцеллездегі) мейірбикелік күтім

Сарып (бруцеллез) – жалпы жұқпалы ауру. Ауру қызбамен, буындардың, лимфатикалық түйіндердің, нерв жүйесінің, түрлі ішкі ағзалар мен тіндердің зақымдануымен сипатталады. Кесел көбіне біртіндеп дамиды, науқаста солғындыққа, әлсіздікке, жалпы дімкәстануға, тез шаршауға, бас ауруына, қалтырап-дірілдеуге шағымдар пайда болады. Жоғары терлеу, тәбеттің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, жыламсақтық, ызалану байқалады. Негізгі шағым – буындардағы, көбіне аяқтардағы объективті өзгеріссіз аракідік сипаттағы ақсаңдау. 
Көбіне үлкендігі орташа буындар зақымданады. Ұзақ субфебрилдік қызба жиі байқалады (2 айға дейін және одан да ұзақ). Кеселдің жедел білінісі бар науқастар ауруханаға жатқызылуы тиіс. 
Емдеу үшін антибиотиктер, вакцина, гормондар, физиотерапия, массаж, санаториялық-курорттық ем қолданылады. 
Мейірбике сарыпқа шалдыққан көп терлейтін науқастардың терісінің жағдайын қадағалауы, дер кезінде іш киімінің, төсегінің ауыстырылуын бақылауы, тері ойылуының профилактикасын жүргізуі тиіс. Науқас көбірек су ішуге мұқтаж, жеміс пен көкөніс шырындары пайдалы. 
Мейірбике вена ішіне, бұлшық етке вакцина алатын сырқаттарға ерекше көңіл бөледі, олардың температурасын әрбір 3 сағат сайын өлшейді. Сырқаттың бөліністері зарарсыздандырылады.
Кеселдің ұзақ, тұрақты ағымы науқастың психикасына із қалдырады – ол күдікшіл, секемшіл болады. Мейірбике тарыпынан науқасқа шыдамды, сергек қарау оның еңбек ету қабілетінің қалпына келуінде маңызды рөл атқарады.     

Әлима БИСЕНБАЕВА,
мейірбике,
жұқпалы аурулар кабинеті,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Қармақшы аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК
қарасты емхана,
Жосалы кенті,
Қармақшы  ауданы

Сурет wik-end.com сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (27.09.2015)
Просмотров: 1337 | Теги: сарып, мейірбикелік күтім, әлима, бисенбаева | Рейтинг: 2.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]