Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Рентгендік зерттеу туралы не білген жөн?

Рентгендік сәуле шашу – бұл электрлік заряды жоқ және тік сызықпен жарық жылдамдығымен тарайтын кванттар ағыны. Оның медицинада зор мәні бар және клиникалық зерттеудің маңызды тәсілдерінің бірі болып табылады. Ол көзге көрінетін сәулеге тән емес ерекше қасиеттерге ие. Рентген сәуле шашуы дене мен заттар арқылы өтіп, тіннің жеке үлес-салмағына байланысты жұтылады.
Сонымен, мысалы, адам денесінде рентгендік сәуле шашуды сүйек тіні толығымен жұтса, ал ауасы бар ортадан ол еш кедергісіз өтеді. Сондықтан рентгенограммаларда (рентгендік суреттерде) өкпе мөлдір көрінсе, керісінше сүйектер қарқынды көлеңке береді. Кейбір дерттерде, мысалы пневмония (өкпе қабынуы) сияқты патологиялық ошақ рентген суретінде көлеңке сияқты болып көрінеді. Басқа тұсынан остеомиелиттегі (сүйек майының қабынуындағы) сүйек тінінің ыдырауы ағарған телім болып табылады.
Ғылыми зерттеулерде рентгендік сәуле шашудың ұрпақта даму ауытқуларын және сәулеленуге душар болғандарда қатерлі ісіктің пайда болуына жетелейтін гендер мутациясын шақыру мүмкіндігі дәлелденген. Алайда пациент пен рентген кабинеті қызметкерінің зерттеудің бұл түрін өткізу кезінде алатын сәуле мөлшері (дозасы) мардымсыз және қауіпсіздік техникасының барлық ережелерін қатаң сақтағанда зиян келтірмейді.

Жанар Амировна ТАГАЕВА,
рентген лаборант,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет www.ortoped.by сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.01.2015)
Просмотров: 1015 | Теги: зерттеу, Жанар, рентген, тагаева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]