Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Қауіп төнбейді демеңіз (туберкулез туралы мейiрбике кеңесі)


Туберкулездің аса жұқпалы кесел екенін білсек те, көбіне одан сақтануға селқос қарап жүре беретініміз жасырын  емес. Тіпті кейбіреулер менің үйімде мұнымен ауыратын адам жоқ, сондықтан онымен ауырмаймын деп еркінсиді. Мұндайда қазақ «сақтықта қорлық жоқ» деп сақтандырады емес пе?
Қауіп қайдан келеді десеңіз - өкпе туберкулезімен ауыратын адам емделмесе, кез келген қоғамдық орында жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлегенде микробтарды таратып, сау адамдарға дертті жұқтырады. Мұндай жағдайда нені білу керек. Яғни, адамға туберкулез жұққан болса, ол екі аптадан астам жөтелу, әсіресе түн мезгілінде қатты терлеу, дене қызуының көтерілуі, дене салмағының төмендеуі, тәбеттің болмауы, жалпы қалжырау, әлсіздік, кеуде тұсының шаншуы секілді жайсыздыққа тап болады. Мұндай кезде шұғыл түрде медицина қызметкеріне көрінуі керек. Туберкулезді емдеу ақысыз жүргізіледі. Туберкулез - емі бар кесел.
Туберкулезбен ауырмаудың жолдары жеткілікті. Салауатты өмір салтын ұстану, құнарлы тамақтану және спортпен шұғылдану, иммунитетіңді нығайту туберкулездің жолына тосқауыл болады. Бөлмені үнемі желдетуді қадағалау керек. Жөтелгенде және түшкіргенде аузыңызды қалқалаңыз. Сонымен қатар алкогольді, есірткілерді тұтыну және темекі тарту туберкулезді жұқтыру қауіпін арттыратының да естен шығармаңыз. Денсаулық өзіңіз үшін де, ұрпағыңыз үшін де, қоғам үшін де маңызды.

Калия Куандыковна УСЕНОВА,
мейірбике,
№3 өкпе терапиясы бөлімшесі,
облыстық туберкулезге қарсы диспансері

Сурет www.you-lucky.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (19.01.2015)
Просмотров: 826 | Теги: мейірбике кеңесі, туберкулез, калия, усенова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]