Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Обаның алдын алу

Оба – ауыр уыттанумен (интоксикациямен) және лимфа бездерінде, өкпеде, басқа ағзаларда серозды-гемораггиялық қабынумен, сондай-ақ сепсистің даму мүмкіндігімен бірге өтетін аса қауіпті зооноздық трансмиссивтік жұқпа.
Жұқпаның негізгі резевуары мен көзі – жабайы кеміргіштер. Дерт берілуде кеміргіштерде болатын бүргенің рөлі зор.
Ауру адамның белгілі бір жағдайларда жұқпа көзіне айнаулы мүмкін: обаның өкпелік түрі дамығанда, оба бубонының іріңді бөліністерімен контактта болғанда. Әсіресе обаның өкпелік түрі аса қауіпті.
Обаның алдын алу мақсатында оба ошақтарында дератизация және дезинсекция шаралары жүргізіледі. Сондай-ақ обаға қарсы профилактикалық егу малшыларға, агрономдарға, аңшыларға, геологтарға, археологтарға атқарылады.
Барлық алдын алу және емдеу мекемелерінде обаға шалдыққан науқасты анықтау оқиғасына орай дәрі-дәрмектердің белгілі бір қоры мен жеке қорғаныс пен профилактика бұйымдарының жасақталуы, сонымен бірге қызметкерлерді хабарландыру және ақпаратты тікелей беру кестесінің болуы міндетті.
Обадан сақтануда үйдегі кеміргіштерді, бүргелерді жою, ауланы, қораны таза ұстау, белгісіз індеттен өлген малдың (әсіресе түйенің) етін жемеу сияқты қарапайым шаралар да ықпалды.     

Жанар Советовна СЕРЖАНОВА,
фельдшер,
“Амбулаториялық емханалық қызметі бар
Арал аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
“Қосаман” дәрігерлік бекеті,
Арал ауданы

Сурет omskgazeta.ru сайтынан алынды

 

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (17.09.2014)
Просмотров: 2009 | Теги: Дератизация, Жанар, дезинсекция, оба, сержанова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]