Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


НАШАҚОРЛЫҚ – ҚАУІПТІ ДЕРТ

Есірткі заттарын тұтыну дәстүрі ежелден белгілі, сондай-ақ оған қарсы күрес сол кезден бастап жүргізіліп келеді. ХІІІ ғасырда Египет пен Сирия елінің билеушісі болған Бейбарыс І сұлтанның өмірі жөніндегі "Спрат Бейбарыс" халық эпосының бір үзіндісінде оның Каир қаласының түкпірлі бөлігінде жемқорлықпен, жезөкшелікпен және гашиш шегуге қарсы қалай күрескені жөнінде баяндалады.
ХІХ ғасырға дейін, мыңжылдықтар бойына есірткі заттар табиғи түрінде қолданылды. Мәселен көк жапырағы мен апиын магы гүлінде болатын кокаин және морфий қолға оңай тиетін. Оларды шайнап, алкогольді ішімдіктерге ерітіп қолданды, алайда ондағы белсенді заттар әсері төмендейтін. Бір ерекшелігі есірткі заттарды тек ересектер пайдаланып, олардан балалар мен жасөспірімдер аулақ болды.
Есірткілік заттарға мистикалық, діни және дәстүрлік мақсатта тек кейбір адамдар ерекше жағдайда жүгінетін еді.
Органикалық химия өндірісінің дамуы мен морфий, кокаин, одан кейін героин сияқты психикалық белсенді заттардың синтезделуіне сәйкес есірткілік заттарды қолдану түрі мен оларды тұтынатын контингент өзгерді. Ал ХІХ ғасырдың ортасында тері астына дәрі егетін піскектің (шприцтің) жасалуына байланысты наркотикалық заттар медицинадан өзге мақсатта қолданыла бастады.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында есірткілік заттарды шектен тыс балалар мен жасөспірімдер пайдаланып, нашақорлық барлық контингенті қамтыды, дүниежүзілік проблемаға айналды.
Бұдан он жыл бұрын Қазақстанда вена ішіне есірткі зат егетін нашақорлар саны көп емес еді. Кеңестер одағы күйреді, кеңестен соңғы елдер территориясын «ауыр жарнамамен» бірге,  «ауыр есірткілер» жаулап алды.

Клара Курмановна ТУЛЕБАЕВА,
мейірбике,
№4 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК

Сурет www.b-port.com сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.01.2015)
Просмотров: 1577 | Теги: Клара, нашақорлық, тулебаева, “ауыр есірткілер” | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]