Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Наркологиялық кеселдердің сыныпталуы

Психикалық белсенді заттарға (ПБЗ - есірткі, алкоголь, темекі және басқалары) тәуелділік мәселесі елімізде аса өзекті проблемалардың біріне айналып отырғандығы жасырын емес. Әсіресе нашақорлық пен араққорлық ұлт қауіпсіздігіне байланысты ерекше мәнге ие.
Ел ішінде ПБЗ-ға тәуелді адамдарды нашақор немесе араққор деп атау бұл күрделі мәселенің мәнін онша аша бермейді. Мұндай дерттер негізінде психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, ауытқулар жатыр. Әлемдегі наркологиялық салада АХС (аурулардың халықаралық сыныпталуы) - 10 бойынша наркологиялық кеселдердiң шекаралары мен сыныпталуына сәйкес диагноздар қойылады.
Атап айтқанда:
— Ғ 10 алкогольдi тұтынуға байланысты психикалық және мiнез-құлық  ауытқулары;
— Ғ 11 апиындықтарды тұтынуға байланысты психикалық және мiнез-құлық ауытқулары;
— Ғ 12 каннабиноидтықтарды тұтынуға байланысты психикалық және мiнез-құлық  ауытқулары;
— Ғ 13 тыныштандыру (седативтiк) және ұйқы келтiру препараттарын тұтынуға байланысты психикалық және мiнез-құлық ауытқулары;
— Ғ 14 кокаиндi тұтынуға байланысты психикалық және мiнез-құлық ауытқулары;
— Ғ 15 кофеиндi қосқандағы басқа белсендi ететiн (стимулятор) препараттарды тұтынуға байланысты психикалық және мiнез-құлық ауытқулары;  
— Ғ 16 елес тудыратын (галюциногендiк) препараттарды  тұтынуға байланысты психикалық  және мiнез-құлық  ауытқулары;
— Ғ 17 темекi (табак) тұтынуға байланысты психикалық  және мiнез-құлық  ауытқулары;
— Ғ 18 ұшпалы ерiтiндiлердi тұтынуға байланысты психикалық және мiнез-құлық  ауытқулары;
— Ғ 19  есiрткi және басқа психикалық белсендi заттарды бiрге тұтынуға  байланысты психикалық және мiнез-құлық  ауытқулары. Демек, наркологиялық кеселдегі негізгі өзгеріс психика және мінез-құлық деңгейінде өтеді.

Жанагул Умирсериковна КАРКЫНБАЕВА,
мейірбике,
№2 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК

Сурет ruconnect.co.uk сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.01.2015)
Просмотров: 870 | Теги: АХС, ПБЗ, сыныпталу, каркынбаева, жанагул | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]