Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Нәрестелердің туылғандағы жарақатындағы мейірбикелік күтім

Жарақаттар туылғандағы ісік, кефалогематома, бала тууынан бұрын пайда болған ақаулар және т.б. түрінде кездеседі.
Мейірбикелік күтім
- нәрестеге қарқынды терапия палатасында жайлы жағдай жасау, оңтайлы температуралық режімді ұстап тұру;
- балаға мамандандырылған күтімді жүзеге асыру, алынатын сұйықтың көлемі мен құрамын ұдайы есепке алу, дене массасын қадағалау, дене қызуын әрбір 2 сағат сайын өлшеу, жату кейіпін өзгерту, тері жамылғылары мен көзге көрінетін шырышты қабаттарына туалет жасау;
- кезек күттірмейтін жағдайлардың алғашқы белгілерінде дер кезінде дәрігерге дейінгі көмекті көрсету (құрысулар, гипертермия және т.б.);
- нәрестені баяу, аздаған мөлшермен тамақтандыру, жиі үзіліс жасау, тамақтандыру кезінде басын жоғары ұстау;
- бала жай-күйіне ұдайы мониторинг жасау (тыныс алу, жүрек соғу жиілігі, қан қысымы);
- ата-аналарына нәресте күтімінің ерекшеліктері туралы кеңес беру.

Мейрамкул Ертлеуовна КУРМАНАЕВА,
мейірбике,
ана мен бала, нәрестелер патологиясы бөлімшесі,
облыстық перинаталдық орталық

Сурет qamshy.kz сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.01.2015)
Просмотров: 1406 | Теги: нәресте жарақаты, мейірбикелік күтім, мейрамкул, мониторинг, курманаева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]