Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Медициналық қызметкер және сырқат қауіпсіздігінің шаралары

Ауруханаiшiлiк жұқпа (инфекция) – бұл науқастың ауруханаға түсу немесе емдiк көмекке жүгiну нәтижесiнде оны зақымдайтын кез келген клиникалық анықталатын кесел.
Сондай-ақ бұған медицина қызметкерiнiң де шалдығуы мүмкiн.
Сол себептi қауiпсiздiктiң қарапайым шараларын есте ұстаған жөн.
Олар: зарарсыздандыру заттарымен жұмыс iстеген кездегi қорғаныс бұйымдарын қолдану (қолғаптар, халаттар, көзiлдiрiк, респираторлық маска). Биологиялық сұйықтықтармен жұмыс iстеген кезде әмбебап сақтану шараларын пайдалану (халат, маска, қолғаптар, фартук).
Вирустық гепатиттерiн, АИТВ-жұқпасын жұқтырудың алдын алу мақсатында бiр реттiк шприцтi немесе басқа да медициналық аспаптар мен заттарды қолданудың маңызы зор. Өйткенi әсiресе стационарда емделетiн нашақұмарлардың бойында “С” вирусты гепатитiнiң немесе АИТВ-жұқпасының кездесу қауiпi бар.
Қанмен немесе қан сарысуымен жанасатын медициналық аспаптардың мұқият зарарсыздандырылуы, одан соң бөлшектенiп ажыратылып, жуылып, шайылуы шарт.
Жеке бас гигиенасын қатаң сақтау да маңызды. Қолды дұрыс жуу ауруханалық жұқпаның таралуына қарсы елеулi шара.

Калжан Забаровна КОЖАХМЕТОВА,
мейірбике,
орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшесі,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы      

Сурет www.epochtimes.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (19.01.2015)
Просмотров: 893 | Теги: кожахметова, Калжан, АИТВ-жұқпасы, С гепатиті | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]