Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


КОКАИННЫҢ ЗИЯНЫ

Әдетте сатуға кокаин таза қарға ұқсас ақ ұнтақ түрінде түседі. Сондықтан кокаиннің атауының бірі – «ақша қар». Көбіне кокаинді мұрын арқылы ішке сорады. Ықпалы бірден болады. Ол эйфория, көңіл-күйдің көтерілуі сезімдерімен білінеді. Кокаин қабылдаған адамда өзіне нық сенім, данышпандық сезімі артады. Бар денеде жеңілдік туындап, әңгімелесуге үйірлік пайда болады. Нашақорға ол кез-келген ақпаратты есте сақтай алатындай, өзінің ақыл-ой бейімділігі шексіздей көрінеді. Шындығы сол, мастану өткеннен кейін, адам ештеңені есіне түсіре алмайды. Ол үшін тағы да кокаиннің дозасын қабылдауы қажет.
Кокаин қан тамырын сығатын бұйым болып табылады. Ол тыныс алу жиілігін және дене қызуын арттырады және құсу рефлексін тежейді. Жоғары дозаларда қол дірілдеуін (треморды) және құрысуларды шақыруы мүмкін. Кокаинді тұтыну орталық нерв жүйесінің зақымдануына жетелеп, ол өз кезегінде тыныс алудың жойылуын және/немесе жүрек тоқтауын шақырып, өлім нәтижесіне тіреуі ықтимал.
Кокаин барынша тәбет жоғалтуын шақырады, бұл елеулі салмақ жоғалтуға және қоректік заттардың теңсіздігіне (дисбалансқа) жетелейді.
Әдетте кокаиндық психоз өз бойына паранойаны, қудалау маниясын, көру, есіту және сезіну галлюцинацияларын, депрессияны (торығуды) және түрткіні (мотивацияны) жоғалтуды жинайды.
Кокаинды тұтыну кезінде ажырау синдромы туындамағанымен, нашақорлар кезекті дозадан бас тарта алмайды. Кокаинді басқа есірткілермен немесе алкогольмен өте жиі қолданады. Шектен тыс дозаны тұтыну өлім нәтижесіне жетелейді.


Санимкул Сахитжановна ТУРГАЗИЕВА,
мейірбике,
№4 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК

Сурет www.netnarkotik.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.01.2015)
Просмотров: 1008 | Теги: кокаиннің зияны, санимкул, тургазиева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]