Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Ішек құрт ауруларының алдын алу шаралары

 

Табиғатта адам үшін қауіпті паразитті құрттардың бірнеше жүздеген түрі бар. Олар организмге негізінен үш жолмен түседі:

- сыртқы ортада тіршілік ететіндер – топырақта, су қоймаларында;

- адам организміне ара ағайын арқылы түстіндер – үй жануарлары;

- басқа адамдармен жұғысты (контактта) болғанда.

Ішек құрт ауруларына: гименолепидоз, энтеробиоз, аскаридоз, лямблиоз, эхинококкоз кеселдері жатады. Дерт адам ағзасында олардың жұмыртқаларының лас су, кір қолдар, лас ыдыс пен лас тұрмыстық заттар арқылы түсу нәтижесінде пайда болады. Бұл ауру түрі ересектерге қарағанда балалар арасында көптеп кездеседі.

Ішек құрт ауруларынан сақтану үшін мына ережелерді сақтау қажет:

- Ас ішер алдында, дәретханадан кейін міндетті түрде қолыңызды сабындап жуыңыз.

- Тек қайнатылған су ішіңіз.

- Ас дайындау, ыдыс жуу және ауыз су үшін ашық су көздерінің суын пайдаланбаңыздар.

- Дайындалған тағамдарды ашық қалдырмаңыз, жәндіктердің аралап кетуіне жол бермеңіз.

- Үйдегі қоқысты уақытылы шығарып тұрыңыз.

- Бейберекет орындардан тамақ алып жемеңіз.

- Жаман әдеттен аулақ болып, таза жүріп қалыптасыңыз.

Бұл кеселдердің алдын алу үшін жас жуа, сарымсақ пен қызыл бұрышты тағам ретінде пайдалану да аса ықпалды.  

 

Айгул Жамекеевна ЖАНҒАБЫЛОВА,

ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы»

ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша

филиалының  Қармақшы аудандық бөлімшесінің

паразитологиялық зертхана лаборанты,

Қармақшы ауданы

 

Сурет burlynks.ru сайтынан алынып, қазақшаланды.

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (13.04.2018)
Просмотров: 2183 | Теги: айгул, ішек құрт аурулары, алдын алу шаралары, жанғабылова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]