Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Инфекциялық науқастарды диспансерлеу және оңалту (реабилитациялау)

Пациент жұқпалы аурулар ауруханасынан емделіп шықаннан кейін оны динамикалық бақылау және медициналық оңалту (реабилитациялау) үшін арнайы есепке алады. Инфекционист дәрігердің басшылығымен инфекциялық кеселдер кабинеті (ИКК) мен учаскелік мейірбикелер жұқпалы аурумен ауырып біткен сырқатты бақылауға қатысады.
Пациенттерді бақылау әрбір инфекциялық кеселге арналған мерзімде жүзеге асырылады.
Мейірбикелер жұқпамен ауыруды бастан өткерген пациенттің үйіне барып, оны емханада тексерілуге және емделуге шақырады, яғни оның реконвалесценция кезеңіндегі денсаулық жағдайына клиникалық-зертханалық бақылау жасайды. Бұл дәрігерге инфекциялық үдерістің қалдық белгілерін дер кезінде анықтауға көмектеседі. Дерті созылыңқы науқастарға қосымша жалпы нығайту емі жүргізіледі. Мейірбике пациентпен ағарту сұхбаттарын жүргізуге қатысады.

Гульнур Бекмаганбетовна НЕСИПБАЕВА,
мейiрбике,
ересектер бөлiмшесi,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет tatianaconne.com600 × 344 сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.01.2015)
Просмотров: 948 | Теги: несипбаева, оңалту, диспансерлеу, Гульнур | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]